«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫСТА ДА ТОҚТАМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Жұмысшы кентіндегі Универсал көшесі бойында салынып жатқан автомобиль өткелінің құрылысымен танысты.

5 млрд. теңге бағытталған инфрақұрылымдық нысан темір жол арқылы өтетін көлік ағыны мен көпір жүктемесін азайтуға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, бас шаhардың солтүстік-шығыс бөлігінде көлік қолжетімділігін жақсартып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасайтын өте тиімді жобалардың бірі саналады.

Ғауез Торсанұлы «Бука» ЖШС директоры Рүстем Тұржановтың құрылыс алаңында атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдап, мердігерлермен алдағы міндеттерді талқылады. Әңгіме барысында тапсырманың орындалу мерзімі мен сапаның қатаң сақталуына баса назар аударылды. Су бұру науалары мен темір құбырлар орнатылып, жарық пен электр желілері тартылған.

Автомобиль өткелі биыл қолданысқа берілмек. Көпір құрылысы қыста да жалғасып, асфальтбетон жабыны, кірме жолдар, жаяу жүргіншілер жолағы және баспалдақ салынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp