«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕТАПНЕВМОВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде метапневмовирус жұқтыр­ғандар саны күн санап көбеюде. Біздің өңіріміздегі ахуал да алаңда­тарлық.

Облыстық санитарлық-эпидемиоло­гиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде эпидемия­лық маусым басталғалы тұмауға жатпайтын вирустарды жұқтырудың 100-ге жуық жағ­дайы тіркелген. Атап айтқанда, 34 адам ри­новирусқа, 28 тұрғын аденовирусқа, 23 науқас парагрипке, 5 адам бокавирусқа шалдыққан. Төрт адам метапневмовирус жұқтырған.

Мамандардың айтуынша, метапневмо­вирус – көптеген елде бұрыннан таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирус­тың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі ке­зеңінде инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталған. Метапневмовирус негізінен ауа арқылы таралады. Инфекция­ның негізгі белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, бас ауруы. Әлемде бұл дертті нақты емдеу жолы жоқ болғандықтан, симптоматикалық емдеу әдісі қолданыла­ды.

Санитар дәрігерлер аурудың алдын алу үшін адамдар көп жиналатын жерлерге бар­мауға кеңес береді. Бұл әсіресе созылмалы аурулары бар жандарға қатысты. Сондай-ақ үй-жайларды үнемі желдету, қолды та­зарту үшін антисептиктерді немесе дезин­фекциялық майлықтарды қолдану, ауру адамдармен байланысты шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету қажет. Ал ауру белгілері пайда болған жағдайда дәрі­герге көрініп, ем алған жөн.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp