«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАНДАЙ СҮТ ІШІП ЖҮРСІЗ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанға сүт пен сүт өнімдері әртүрлі елдерден әкелінеді, өзімізде де өндіріледі. Дүкендерде түр-түрі бар. Байқағанымыз – отандық өнімге сұ­раныс жоғары.

Бүгінгі таңда облыста 110 тауарлы- сүт фермасы жұмыс істейді. Ондағы малдың саны – 50 мыңнан астам. Оның ішінде соңғы 6 жылда облыста 42 ферма іске қосылды. Олардағы сиырдың саны 20 мыңнан және жыл­дық өндіріс қуаты 103 мың тоннадан асады. Солтүстік Қазақстан облысы республика бойынша сүт өндіруден екінші орында тұр. Өткен жылы 347,2 мың тонна сүт сауылды.

Облыста жалпы қуаттылығы жы­лына 451,3 мың тоннаны құрайтын сүт өңдейтін 15 сүт өңдеу кәсіпорны бар. Сүт өнімдерінің ассортименті 150-ден астам атаудан тұрады. Олар – қаймақсыз сүт, ашытылған сүт өнім­дері, ірімшік пен сүзбе, сарымай және құрғақ сүт. Дайын сүт өнімдерін өнді­ру бойынша өңіріміз бірінші орында екенін айта кеткен жөн.

Отандық өнімдерді өңірдегі дү­кендердің кез келгенінен табуға бола­ды. Жергілікті тұрғындар жиі баратын «Dostyq mall» сауда орталығындағы «Aimer» супермаркетінде 6 отандық сүт өнімі тұр. Олар – «Зенченко», «Milko Bo», «Петропавловское», «SUT», «Бескөлдік», «Наше» сүттері. Сапалы және қауіпсіз өнімді таңдау үшін әрбір тұтынушы бірнеше ере­жені білгені дұрыс. Алдымен қаптама­ны мұқият тексеріңіз. Ол мыжылып майыспаған, бүтін болуы керек. Қап­тамадағы ақпарат анық, оқуға оңай, сенімді және тұтынушыларды адас­тырмауы тиіс. Сүт техникалық регла­ментке сәйкес, көптеген түрлерге бөлінеді.

– «Нормаланған сүт» – сүт майы мен сүт ақуызының немесе сүттің құр­ғақ майсыздандырылған заттары бол­маса, олардың үлесі сүтті өңдеу өнімін өндіруге сәйкес өндірушінің техника­лық құжаты немесе көрсетілген стан­дарттарға сәйкестігі келтірілген сүт өнімдері;

– «Майсыздандырылған сүт» – сүттен сүт майын бөліп алу нәти­жесінде алынған, сүт майлылығының массалық үлесі 0,5 пайыздан төмен емес сүт;

– «Байытылған сүт» – табиғи (бас­тапқы) құрамымен салыстырғанда өнімнің тағамдық құндылығын арт­тыру үшін ақуыз, дәрумендер, микро және макроэлементтер, тағамдық тал­шықтар, көп қанықпаған май қыш­қылдары, фосфолипидтер, пребио­тиктер қосымша, бөлек немесе біріктірілген қалыпта қосылған сүт;

– «Ауыз сүті» – қаймағы алынба­ған, майсыздандырылған, нормалан­ған, байытылған сүт. Сүт майының массалық үлесі 10 пайыздан төмен, термиялық өңдеуге, кем дегенде пас­терлеуге ұшыраған, құрғақ сүт өнім­дері мен су қоспасынсыз тұтыну ыдыстарына өлшеніп оралған сүт өнімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp