Үй иесі жаңажылдық кешке келген қонағын атып өлтірген. Бұл қайғылы оқиға Жамбыл ауданының Пресновка ауылында болған. Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
«Кісі өлтіру оқиғасы бірге ішімдік ішу кезінде туындаған жанжалдың салдарынан болған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қылмыс орнынан тіркелмеген шолақ мылтық тәркіленген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әсет ҚАНАФИН.