«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.01.2025

ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕРЛЕР

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы – жыл сайын өткізілетін танымал жоба. 2007 жылы дана Абайдың қарасөзін оқудан басталған акция осы уақытқа дейін қазақ әдебиетінің ең таңдаулы 51 классик ақын-жазушысының үздік шығармаларын оқырман қауымға ұсынды. 2024 жылы көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі, 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын ел болып оқыдық. …

ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҚАЛАМГЕРЛЕР Read More »

ҰЛЫБРИТАНИЯДАН ВЕЛОСИПЕДПЕН КЕЛДІ

Ұлыбритания азаматы Аманжол Николас Мухамеджанов Макинтайр Келлетт Қазақстанға нағашы жұртын іздеп келген. Аманжолдың анасы – қазақ, әкесі – ағылшын. Олар қазақ жерінде танысып, қазір Лондонда тұрып жатыр. Қарындасы мен інісінің де есімдері қазақша – Жандос, Тоғжан. 25 жастағы жігіттің мамандығы – сәулетші.Аманжол Лондоннан шілде айында шығып, бүкіл Еуропаны велосипедпен басып өтіп, Алматы қаласына қазан айында …

ҰЛЫБРИТАНИЯДАН ВЕЛОСИПЕДПЕН КЕЛДІ Read More »

КӨРШІСІН ПЫШАҚТАҒАН

Петропавлда көршілер арасында жанжал болып, ер адам 42 жастағы әйелге пышақ сұғып алған. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. И.Шухов көшесі бойындағы жатақханалардың бірінде ішімдік ішкен қос азамат дәлізде келе жатып жанжалдасып қалады. Сол кезде 67 жастағы ер адам көршісін пышақтап тастаған. «Күдікті ұсталды. Қазір денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. …

КӨРШІСІН ПЫШАҚТАҒАН Read More »

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТӨРЕСІ

Жылқы дегенде елең етпейтін қазақ кемде-кем. Осы бір ауыз сөзді естігенде ішің уылжып сала беретіні несі екен? Құдды ұшы-қиыры жоқ жерде ауыздығымен алысқан жүйрікке мініп жүйткіп келе жатқандай әсерде боласың. Иә, біз «тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деп төрт түліктің төресі – жылқыны қадірлеп өскен елміз. Арғы аталарымыз пешенесіне жазылған дәулетті жылқының санымен бағалаған. …

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТӨРЕСІ Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИГІ

Қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Ғабит Мүсіреповтің Алматыдағы музей-үйінде құнды жәдігерлер, тарихтан сыр шертетін деректер, қаламгер қолымен ұстаған мүкаммал-мүліктер қоры мол жинақталған. Әр жәдігердің өз тарихы бар. Сондай құнды экспонаттарымыздың бірі – «Сатпаев» кітабы. 1980 жылы Мәскеудегі «Молодая гвардия» баспасынан жарық көрген орыс тіліндегі еңбектің авторы – жазушы Медеу Сәрсеке. Кітаптың ішкі парағына М.Сәрсекенің әріптес аға-досы …

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ АКАДЕМИГІ Read More »

МЕЙІРІМДІ МЕДБИКЕ

Ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет сияқты салаларда абыройлы еңбек етіп жүрген жас мамандар аз емес. Олар ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының шапағатын көрген жас маманның бірі – Сәния Бекмұратова. Сәния Серкешқызы 2003 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда дүниеге келген. Атасы мен әжесінің қолында өскен қыз Но­воишим қазақ орта …

МЕЙІРІМДІ МЕДБИКЕ Read More »

ЖАСАМПАЗДЫҚ БАСТАУЫ – БІРЛІКТЕ

Биыл құрылғанына 30 жыл толатын Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихи тұрғыдан қас-қағым уақыт ішінде қоғамдық институтқа айналып, түрлі қоғамдық күштермен жан-жақты байланысы нығая түсті. ҚХА-ның XXXIII сессия шешімдері шеңберінде стратегиялық мақсаттарға жету жолдары айқындалып, қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайтуға бағытталған 13 арнайы жоба бекітілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік құрылымына қарасты этномәдени бірлестіктері «Бірлігіміз – әр …

ЖАСАМПАЗДЫҚ БАСТАУЫ – БІРЛІКТЕ Read More »

ҚҰРҒАҚ ҚЫМЫЗ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ

Айыртау ауданындағы Кутузовка елді мекенінде биенің саумалын ұнтақталған күйде шығаратын кәсіпорын салынып жатыр. Осы мақсатқа ауыл маңынан 5,2 гектар жер бөлінген. Жаңа зауыт биыл тамыз айында пайдалануға берілмек. «Север Агро ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Армантай Әбіловтің айтуынша, нысанның жалпы аумағы 2 мың шаршы метр. «Біз бұл идеяны Германиядан алдық. Ол жақта құрғақ сүт …

ҚҰРҒАҚ ҚЫМЫЗ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ Read More »

ҮШ ЖҮЗГЕ МӘЛІМ ДАРА БИ

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жазушы, журналист, Президент сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі Айтбай Сәулебектің «Толғауы терең Тоқсан би» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, Алматы, Астана, Қостанай, Көкшетау, Ресейдің Омбы, Түмен, Қорған қалаларынан арнайы келген меймандар қатысты. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов туынды авторы Айтбай …

ҮШ ЖҮЗГЕ МӘЛІМ ДАРА БИ Read More »

ЗАМАНМЕН БІРГЕ ТҮЛЕГЕН ЗАУЫТ

Тарихы сонау 1928 жылдан басталатын «С.М. Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамы Мәскеуде құрылып, 1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Петропавл қаласына көшірілген. 1942 жылы алғашқы өнімдерін майданға ат­тандырады. Зауыт кеңес әскерін түрлі радиоқұрылғылармен қамтамасыз етіп отырды. Бүгінде өндіріс орны заман тала­бына сәйкес бейімделіп, арнайы байланыс құралдарын, цифрлық теледидарларды, темір жол автоматикасын, телемехани­ка мен қауіпсіздік жүйелерін …

ЗАМАНМЕН БІРГЕ ТҮЛЕГЕН ЗАУЫТ Read More »

ТУҒАН ЖЕРДЕН ТОПЫРАҚ БҰЙЫРМАДЫ

Қазақ жылан жылы халық үшін жайлы болады деп жақсылыққа жорыған. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» деген тіркес те соған меңзеп тұрғандай. Бірақ 2025-тің қаңтары кіре қайғылы хабарлар көбейіп барады. Алғашқысы мұхиттың арғы жағынан жетті. Қазақ жазба әдебиетінің тарихын бес ғасырға ары қарай жылжытқан ғалым, қарымды қаламгер Мұхтар Мағауинның АҚШ-та соңғы демі таусылды. Туған жерден жырақта …

ТУҒАН ЖЕРДЕН ТОПЫРАҚ БҰЙЫРМАДЫ Read More »

Сөз бен істің бірлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында атап өткендей, соңғы бес жыл бойы жүргізілген реформалар азаматтарымыздың негізгі сұранысы мен мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған мүддесіне негізделе отырып мұқият ойластырылған стратегия екенін көзі қарақты газет оқырманы жақсы білуі тиіс. 2022 жылы өткен референдумның нәтижесінде Конституция баптарының үштен бірі жаңартылып, Парламенттің реформалануы, ауыл, аудан және қала әкімдерінің …

Сөз бен істің бірлігі Read More »

ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖҮЙТКИДІ

Петропавлдағы қоғамдық көлік паркі жаңа автобустармен толықты. №4А бағыты бойынша жүретін «Yutong» маркалы автобустар жолаушылардың көңілінен шығуда. Мұндай автобустар жаңа дизайнымен ерекшеленеді. Басқа қоғамдық көліктерге қарағанда олардың сыйымдылығы үлкен және ұзын, жүргізушінің орны арнайы құрылғымен қоршалған. Баспалдақсыз, едені төмен болғандықтан мүгедектер арбасы үшін де өте ыңғайлы. Көлік кондиционермен, жарықтандыру және жылыту жүйесімен жабдықталған. «KYZYLZHAR BUSES» …

ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖҮЙТКИДІ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР ҰНЫ – ҚЫТАЙДА

1300 тонна қазақстандық дайын ұн тиелген Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік жүк пойызы 10 қаңтар күні Сиань халықаралық портының арнайы темір жол желісі арқылы Айцзюй астық және май өнеркәсібі корпорациясының өңдеу паркіне тоқтады. Бұл туралы Қытайдың «Синьхуа» агенттігі хабарлады. Дәстүрлі Қытай күнтізбесі бойынша көктем мерекесі – қытайлық жаңа жыл таяп келеді. Енді Қытайда жаңа жылға арналған азық-түлік …

ҚЫЗЫЛЖАР ҰНЫ – ҚЫТАЙДА Read More »

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМГЕ ТЫҢ СЕРПІН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала маңында салынып жатқан туристік құрылыс нысандарын аралады. Петропавл аумағында тұрғындар мен туристер үшін жаңа санаторлық-курорттық кешен пайда болады. Жергілікті кәсіпкер бұрынғы «Волна» балалар лагерін қайта жаңғыртып, оны жыл бойы жұмыс істейтін кешенге айналдырмақ. Жоба үшжылдық, ал инвестиция көлемі – 2,5 млрд. теңге. Жаңа нысанда 500 адамға арналған 150 бөлме болады, …

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМГЕ ТЫҢ СЕРПІН Read More »

БАҒАНЫ ТӨМЕНДЕТУ БАЛАҒА ЗИЯНЫН ТИГІЗБЕСІН

Облыс орталығында елу шақты мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар. Онда мыңдаған бүлдіршін тәрбиеленуде. Ата-аналар сәбиінің күтімінен бастап тамақтануына дейін балабақшаға сеніп тапсырады. Перзентінің қарны тоқ болуы үшін мемлекет бекіткен ақысын да төлейді. Жекеменшік мекемелерде ата-ананың бергенін бір айға жеткізіп, бүлдіршіндерді тамақтандыру кәсіпкердердің мойнында. Олар өз бетінше бағаны төмендетіп яки қымбаттата алмайды. Тамақтану құнын есептеудің …

БАҒАНЫ ТӨМЕНДЕТУ БАЛАҒА ЗИЯНЫН ТИГІЗБЕСІН Read More »