«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖҮЙТКИДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы қоғамдық көлік паркі жаңа автобустармен толықты. №4А бағыты бойынша жүретін «Yutong» маркалы автобустар жолаушылардың көңілінен шығуда.

Мұндай автобустар жаңа дизайнымен ерекшеленеді. Басқа қоғамдық көліктерге қарағанда олардың сыйымдылығы үлкен және ұзын, жүргізушінің орны арнайы құрылғымен қоршалған. Баспалдақсыз, едені төмен болғандықтан мүгедектер арбасы үшін де өте ыңғайлы. Көлік кондиционермен, жарықтандыру және жылыту жүйесімен жабдықталған.

«KYZYLZHAR BUSES» ЖШС-ның директоры Бауыржан Құсайыновтың айтуынша, жаңа автобустар 31 желтоқсаннан бастап жолға шыққан.

— Қаламызда «Бірлік» деп аталатын шағынауданның пайда болуына байланысты №4А автобусының бағыты шамамен 14 шақырымға ұзартылып, қозғалыс аралығы да өсті. Жолаушыларға жаңа автобустар ұнап жатыр, — дейді Бауыржан Құсайынов.

Қоғамдық көлік тасымалдаушылары үш жылдың ішінде автобус паркінің 80 пайыздан астамын жаңартқан. Өткен жылдың өзінде «Yutong», «Dongfeng»маркалы су жаңа 33 автобус жолаушы тасымалы қызметіне қосылды.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

Суретті түсірген

Шыңғысхан Бекмұрат.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp