Петропавлда көршілер арасында жанжал болып, ер адам 42 жастағы әйелге пышақ сұғып алған. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
И.Шухов көшесі бойындағы жатақханалардың бірінде ішімдік ішкен қос азамат дәлізде келе жатып жанжалдасып қалады. Сол кезде 67 жастағы ер адам көршісін пышақтап тастаған.
«Күдікті ұсталды. Қазір денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ал жарақат алған 42 жастағы әйел бірден ауруханаға жеткізілген. Оған ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, келіншектің жағдайы өте ауыр.
Ермек БАЙМОЛДА.