«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАР ҰНЫ – ҚЫТАЙДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1300 тонна қазақстандық дайын ұн тиелген Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік жүк пойызы 10 қаңтар күні Сиань халықаралық портының арнайы темір жол желісі арқылы Айцзюй астық және май өнеркәсібі корпорациясының өңдеу паркіне тоқтады. Бұл туралы Қытайдың «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Дәстүрлі Қытай күнтізбесі бойынша көктем мерекесі – қытайлық жаңа жыл таяп келеді. Енді Қытайда жаңа жылға арналған азық-түлік өнімдері мен пиротехникалық бұйымдарға (дәстүрлі түрде жаңа жылдық тауарлар деп аталады) сұраныс күрт өседі.

«Синьхуа» агенттігінің жазуынша, Қытай темір жолы корпорациясының («China Railways») Сиань бюросы логистика құнын төмендету, Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік рейстердің тиімділігін арттыру және халықтың жаңа жылдық тауарларға қажетін өтеу мақсатында алғашқы «есіктен – есікке» рейсін жүргізіп отыр.

Қытай-Еуропа бағыты бойынша алғашқы «есіктен – есікке» арнаулы рейсі Солтүстік Қазақстан облысындағы Айцзюй астық және май («Тайынша Май») зауытының өндірістік аймағынан жолға шығып, Сиань халықаралық портына жеткеннен кейін, арнайы темір жол желісі арқылы бірден Айцзюй ауыл шаруашылығы өнімдері логистикалық-өңдеу паркіне енеді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp