«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА – ҚОСЫМША ГРАНТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов «Солтүстік Қа­зақстан жоғары кәсіби-педагоги­калық колледжі», «Е.Дәуітов атын­дағы қызмет көрсету саласы кол­леджі» және «Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік кол­леджіне» барды. Облыс әкімі кол­ледж директорларымен және он­дағы мамандармен кездесіп, Мемлекет басшысының бастама­сымен қолға алынған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ат­қарылуы тиіс істерді талқылады.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қабылданған өңірлік жоспар аясында облыста 47 шара өткізу көз­делуде.

– Мемлекет жұмысшы маман­дықтарының қоғамдағы мәртебесін өсіруге, жастарға кәсіби бағдар бе­руге ден қойды. Ендігі міндет – мектеп түлектері бұл мамандықтар­дың маңыздылығын түсініп, олар­ды болашақ кәсібі ретінде таңдауы­на ықпал ету, қызықтыру. Жұмыс­шы мамандар да жұмыс іздеп қи­налмауы тиіс, – деді Ғауез Торсанұ­лы.

Қазіргі таңда облыста 24 кол­ледж бар, олардың 13-і жұмысшы кадрларды даярлайды. 11 мың сту­денттің 3,8 мыңы жұмысшы маман­дықтары бойынша білім алуда. За­манауи қондырғылармен жабдық­талған колледждер студенттерге са­палы білім алып, мол тәжірибе жи­нақтауға мүмкіндік береді.

Бүгінде еңбек нарығында меха­низатор, инженер, электрик, то­карь, құрылысшы, дәнекерлеуші­лер сұранысқа ие. Осы мәселені шешу үшін колледждерге жұмыс­шы мамандықтары бойынша қо­сымша 105 грант бөлініп, оның жалпы саны 1742-ге жетпек. Дуаль­ды оқыту бойынша студенттер саны 2,6 мыңнан 3 мыңға дейін кө­бейтілмек. Аталған бағдарлама ая­сында колледждер 300-ден астам кәсіпорынмен ынтымақтасып, 1 мыңнан астам келісімшарт жасас­қан.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp