«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЖАҢАРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 Солтүстік Қазақстан облы­сында өңірлік кеңеске сайлауға қатысуға кандидаттардан өтінім­дер қабылдау аяқталды. 2024 жылдың аяғына дейін кәсіпкер­лер палатасына аудандық және салалық кеңестер өкілдерінен 32 өтінім келіп түсті.

Құрамына мәслихат депутат­тары, партия өкілдері мен кәсіп­керлер кіретін арнайы құрылған өңірлік сайлау комиссиясының мүшелері өтінімдерді қабылдау барысында қажетті рәсімдердің сақталуын қадағалады.

«Желтоқсанның аяғында өтінімдерді қабылдау ресми түрде аяқталды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанында 13 аудандық және 8 салалық кеңес жұмыс іс­тейді. Келіп түскен барлық өтінімдерді өңірлік сайлау комис­сиясы қарайтын болады. Канди­даттардың құжаттарын тексеру және комплаенс-бақылау үшін өтінімдер палата жанындағы сай­лау комиссиясына жіберіледі. Осыдан кейін кандидаттарды тір­кеу туралы шешім қабылданады», – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне сайлау 2025 жылғы қаңтар айында өтеді. Бекітілген ережелерге сәйкес, де­легаттарды сайлау тікелей дауыс беру арқылы өткізіледі және ке­ңестің жаңа құрамына 24 кәсіп­кер кіреді.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp