Табиғатты аялап, қамқор бола отыра, оны қаскөйлерден, сұғанаққолдардан қорғау аса маңызды. Біздің ормандарды мекендейтін жабайы жануарлар ұдайы осындай қорғауға зәру. Әсіресе қыстың қатал мінезі орманды мекен еткендердің азық табуын қиындатады. Осы кезде жабайы жануарлар адамның аялы алақанын сезінеді. Бұл оларды браконьерлік қатыгездіктерден қорғап қана қоймай, санын көбейтуге мүмкіндік береді.
Жабайы жануарларды қыс тың көзі қырауда аман сақтауда – азық дайындау аса маңызды жұмыс. Дайындалатын азықтың көлемі жабайы жануарлардың санына қарай жоспарланады. Азық жыл сайын дайындалады да, ол қыстың соңына дейін жетеді. Қорықшылар аптасына екі рет қоректендіру орындарына азық тастайды. Осы ретте азықты тасымалдау оңай болу үшін олар ормандағы уақытша қоймаларда сақталады.
Ормандағы жабайы жануарлардың арасында еліктер, бұландар, жабайы қабандар бар. Өңірдің көркі болған Сібір еліктерін қоректендіруде әртүрлі жапырақты бұталы-ағаш түрлерінің өсінділерінен жасалған сыпыртқылар кеңінен қолданылады. Әдетте бұл үшін қайың жапырақтары бар жас өскіндерді таңдаймыз. Сыпыртқыларды жинау жаздың басында жүзеге асырылады.
Қыстың екінші жартысында қатты аяз болып, қар жамылғысы қалыңдап, азық табу қиындайды. Осы кезде жабайы жануарларға концентрацияланған жем беру керек.
Жемсалғыштарға жыл бойы тұзды сортаңдар салынады. Себебі жабайы жануарларға үнемі минералды тыңайтқыш – тұз қажет. Бұл, әсіресе, оларға буаз кезінде және төлін емізіп жүргенде аса пайдалы.
Эдуард АЛЕКСЕЕВ,
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ мемлекеттік инспекторы – «Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалының қорықшысы,
Роза КУЗЬМИНА,
«Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалының аудармашысы.