«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЗГІЛСІЗ МЫЛТЫҚ КЕЗЕМЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жануарлар дүниесін қорғау – мемлекет жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Өңірдегі табиғатты қорғау органдары мен ұйымдары тиісті заңнама аясында заң бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау үшін жүйелі жұмыс жүргізуде. Өкінішке қарай, браконьерлік фактілер әлі де орын алуда. Мәселен, өткен жылы облыс аумағында аң аулауға байланысты заңнаманы өрескел бұзудың 8 фактісі тіркелді. Заңсыз аң аулаушылардың көздейтіні – Сібір елігі.

Анықталған фактілер бо­йынша жануарлар әлеміне келтірілген залал шамамен 19 383 000 теңгені құрады. Бра­коньерлер 14 Сібір елігін заң­сыз аулаған. Барлық 8 факт бо­йынша қылмыстық іс қозғал­ды, оның бесеуі сотта қаралып, залалды өтеу туралы талап- арыздар толық көлемде қолдау тапты. Жануарлар әлеміне келтірілген залалдың төленген сомасы – 4 153 500 теңгені құ­рады.

Қазіргі уақытта жануарлар дүниесі саласында жасалған қылмыстар үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық ко­дексі баптарының нормалары қатаңдатылды. Бұған соттар­дың үкімдері дәлел бола алады. Егер бұрын заң бұзушылар заң­сыз аң аулағаны үшін әкімшілік айыппұл төлесе, бүгінде бра­коньерге нақты мерзімге сот­талу қаупі төніп тұр.

Мәселен, 2024 жылғы ақ­панда Қызылжар ауданы со­тының үкімімен жергілікті екі тұрғынға бір Сібір елігін заң­сыз атқаны үшін 2 жыл мерзімге бас бостандығынан және 4 жыл мерзімге аң аулау­ға байланысты қызметпен ай­налысу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ өткен жылғы ақ­панда Петропавл қалалық соты 53 Сібір елігін заңсыз ау­лаған топтың бір мүшесіне 11 жыл мерзімге бас бостанды­ғынан және 10 жыл мерзімге аң аулауға байланысты қыз­метпен айналысу құқығынан айыруға үкім шығарды. Үш қатысушы 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, сон­дай-ақ 9 жыл мерзімге аң ау­лауға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын арқалады. Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленгендей 100 айлық есептік көрсеткіштен және одан да көп есе залал келтір­гендер сөзсіз қылмыстық қу­далауға ұшырайды.

Олег БЕСПАЛОВ,

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті облыстық инспекциясының бөлім меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp