«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДУБЛЯЖ ЖАСАЙТЫН БОЙЖЕТКЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжарлық бойжеткен Аяжан Қойшыбай қазақша фильм, мультфильмдер интернетте қолжетімді болуы үшін шетелдік туындыларды қазақша сөйлетіп жүр.

Ол М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универси­тетінің соңғы курсында оқиды. Болашақ мамандығының дубляжға еш қатысы жоқ, жоғары оқу орнында «Дизай­нер-сәулетші» кәсібін меңгеріп жатыр. Кейіпкеріміз дуб­ляжға ойда-жоқта келгенін айтады.

Пандемия кезінде үйде отырып жалыққан бойжеткен әлеуметтік желідегі қатарлас­тарының дубляж жасап жатқа­нын көріп, қызығушылығы оянады. Осылайша өз бетімен жаңа істі үйрене бастайды. Кейін ғаламтор арқылы осы салаға қызығатын орта тауып, тәжірибесін шыңдай түскен. Үш жылдың ішінде көп нәрсе үлгерген. Алайда кейіпкеріміз бұл іске негізгі жұмысы ретін­де қарамайды. Хобби ретінде бос уақытында айналысуға бейім. Кейде тапсырыстар орындап, аз-кем табыс таба­ды.

— Дубляж — топтық жұ­мыс, өйткені жоба дыбыстал­ған кезде бірнеше кезеңнен өтеді. Алдымен туынды таң­далады, кейін ол аудармашы­ға жіберіледі. Аудармашы оны түпнұсқа тілінен қазақшаға аударады. Кейін рөлдерге бө­леді. Біз танысып, дыбыстап болғаннан кейін монтажерге жібереміз. Ол дауысымызды жобаға қосып, өңдеп, таза­лайды. Бұл саладағы ең басты талап — қызығушылық, ынта­ның болуы. Өйткені дауыспен жұмыс істеу керек, тілдің мүкістігі болса, оны жаттығу­лар арқылы қалпына келтіру­ге болады. Сынды қабылдай білу де маңызды, өйткені жұ­мыс барысында біреуге дауы­сың ұнайды, біреу қабылдай алмауы мүмкін. Сондай-ақ қазақша дубляж нашар, орыс­ша нұсқасын көреміз дейтін­дер де кездеседі, — дейді Ая­жан.

Алғашында дубляж жаса­ған адамның өз даусы өзіне ұнамай, ыңғайсыздық сезініп, тіпті бұл жұмысты тастап ке­тетін кездері жиі болады екен. Бірақ мұның бәрі уақытша, талаптанып, тәжірибе жинап, білім алу керек. Әр істің тиімді-тиімсіз тұстары бар ғой. Бұл жұмыста ең басты­сы — қазақша контенттің кө­беюі. Қазақша фильм, мульт­фильмді интернеттен іздеп табу көрермен үшін қиын бол­мауы керек. Балаларға арнал­ған дүниенің барлығы орыс тілінде жарыққа шығып жата­ды. Соның кесірінен қазақ ба­лаларының тілі шұбарланып, өз ана тілінде сөйлей алмай­тын халге жеткен. Мұны ше­шудің бір жолы — қазақша дубляжды дамыту. Әзірге өңірде қазақ тілді контентке деген сұраныс айтарлықтай жоғары емес. «Моана», «Му­фаса: аң патшасы» мульт­фильмдері қазақша көрсеті­летінін естіген өзге өңірлер­дегі тіл жанашырлары балала­рын жаппай кинотеатрларға алып барды емес пе? Бізде он­дай қозғалыс байқала қойған жоқ. Бұл істі ілгерілетуге ки­нотеатрлар да құлықсыз.

— Дубляж жасау хобби болғандықтан, ресми жоба­ларға әлі қатысып көрген жоқпын. «Dopamine Voice» дубляж тобында болған кезде жапондық режиссер Хаяо Миядзакидің «Жаяу қамал» атты туындысын қазақша ды­быстадық. «Титандар шабуы­лы» анимесінің оныншы бөліміне қазақша дубляж жа­садық. Сол кезде басты кейіп­керлердің бірі Микаса Аккер­манды дыбыстадым. Есімде қалған, мен үшін күрделі бол­ған жоба. 20 минуттық фильм­ге дубляж жасамас бұрын 2 сағат дайындық жасайтынмын. Қазір негізінен дорамалармен жұмыс істеймін. Соңғы туын­дым — «Қарапайым бір күн» атты дорама, жақында оның қазақша нұсқасы шықты, — дейді Аяжан Қойшыбай.

Дубляж студиялары басқа қалада болғандықтан Аяжан онлайн жұмыс істейді. Ол үшін қажетті жабдықтың бар­лығын сатып алған. Қазіргі уа­қытта ол «Орда» дубляж сту­диясында еңбектенуде. Бұл студияның туындыларын «Dopamine Voice» дубляж то­бының және «Орда» студия­сының Telegram каналдары­нан көруге болады.

Өнерлі бойжеткен мең­геріп жатқан мамандығы бас­қа болғандықтан болашақта қай салада жұмыс істейтінін әзірге нақтылаған жоқ. Егер уақыты болып жатса екеуін де қатар алып жүруге ниетті. Қа­лай десек те жаны сүйген істі тастағысы келмейді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp