М.Қозыбаев атындағы СҚУ- дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Үздіксіз білім беру институтымен бірлесе отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды, жастар арасындағы ұлттық бірегейлік пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. Аталған курстарға университет оқытушылары мен қызметкерлерінен бөлек, қаламыздың мектептері, колледждері, кітапханаларының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің, «Қоғамдық келісім» мекемесінің белсенділері тыңдаушы ретінде қатысты.
Шара аясында лекциялар, практикалық шеберлік сабақтары, кездесулер, семинарлар мен тренингтер, диалог алаңдарын үзбей өткізу көзделген. Спикерлер қазіргі студент жастардың психологиялық ерекшеліктері, жасанды интеллект дәуіріндегі тәрбие, күнделікті өмірде жанжалдардың алдын алу тақырыптарында дәріс оқыды. Олар түрлі технологиялар ұсынып, сәтті волонтерлік жобаларды құру және жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасты.
«Біз курс тақырыбына сәйкес инновациялық іс-шараларды өткізу тәжірибесімен бөлісе алатын, әртүрлі салалардың ең табысты өкілдерін, соның ішінде облыс аудандарынан спикерлерді шақырдық. Курс 72 сағатқа созылып, 25 қаңтарға дейін жалғасады. Шара аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі», — деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная.
Диана ХАЛИМОВА,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың медиа орталығының бас редакторы.