«ГӘККУЛЕТКЕН» АҚҚУЛЫ ӨЛКЕМ
Жүйткіген көлігіміз ерке Есілді артқа тастап, Айыртау ауданына қарай бет алды. Қаз-қатар тізілген қарағайлар ақ тымағын бастарына киіп, аппақ шапанын жамылып мүлгіп тұр. Жалғызтаудың оңтүстігіндегі ауылдың іргесінде тұрған «Үкілі Ыбырай» деген белгіге көзім түсті. Көлік жүргізушісіне елді мекенге қарай бұрылуын өтініп, киелі жердің тарихымен танысуды жөн көрдім. Көнекөз қариялардың айтуынша, оңтүстігінде айдарлы төбесі, оңтүстікшығысында Есмұрза …