«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.02.2025

БАЛАНЫҢ ҚАРЖЫСЫН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында есептелген соманы тексере алады. Есептелген қаражат туралы мәліметтер 31 қаңтардан бастап қолжетімді. Ата-аналар мен заңды өкілдер есептелген қаражатты бірнеше тәсілмен тексере алады: eGov.kz электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде орналасқан «Цифрлық құжаттар» бөлімінде, «eGov Mobile» …

БАЛАНЫҢ ҚАРЖЫСЫН ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ? Read More »

ЖАЗАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕУІ МҮМКІН

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев өңірлік коммуникациялар қызметінде есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттар мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді. «Қазақстан Республикасының Президенті 2024 жылғы 27 желтоқсан күні есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға қол қойды. 2025 жылғы …

ЖАЗАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕУІ МҮМКІН Read More »

ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында әділет органдарының жұмысына қатысты заңнамадағы өзгерістер туралы сөз болды. Жаңашылдықтардың жай-жапсары туралы облыстық әділет департаментінің басшысы Айдос Тоғызбаев баяндады. Бүгінде әділет департаменті азаматтарға мемлекеттік қызметтің 12 түрін ұсынуда. Былтыр мұндағы мамандар өңір тұрғындарына 1200-ден астам қызмет көрсеткен. Аталған қызметтерді қолжетімді ету үшін департамент ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету орталығы ашылыпты. …

ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР Read More »

ӨНЕРЛІ ЖАСТАР ОРДАСЫ

«Қына – тастан, өнер – жастан», – демекші, жастардың театрға деген қызығушылығы бүгінде әртүрлі бағытта дамып келеді. Мәселен, өңіріміздегі жалғыз жоғары білім ордасы – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіндегі «Шаңырақ» театры өнерге бейім студенттердің қабілетін дамытуда. 2001 жылы құрылған мәдениет ошағы еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастарға небір тәрбиелік маңызы зор қойылымдар ұсынуда. Осы уақыт ішінде түрлі …

ӨНЕРЛІ ЖАСТАР ОРДАСЫ Read More »

ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ («Этнопедагогика ұлттық киімнен аса алмай тұр», 10 қаңтар 2025 жыл)

Этнопедагогика – ұлттың бастапқы құндылықтарына моральдық-этикалық және эстетикалық көзқарастар туралы ғылым. Этнопедагогика халықтық педагогиканы түсіндіреді және оны қазіргі жағдайда қолдану жолдарын ұсынады, халықтық дәстүрлердің ғасырлар бойғы, табиғи дамып келе жатқан үйлесіміне негізделген этникалық топтардың тәжірибесін жинайды. Халық даналығының ғылыми жағынан зерттелуі оның ғасырлар бойы маңыздылығын жоймайтынын көрсетеді. Этнопедагогика өзара әрекеттесу және әлеуметтік ықпал ету процесін …

ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ («Этнопедагогика ұлттық киімнен аса алмай тұр», 10 қаңтар 2025 жыл) Read More »

БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР

Бүгінде ағайын-туыс бас қосқан жиындарда ұрпаққа бәтуәлі сөз айтар аға буын өкілдерінің азайып бара жатқаны көңілге кірбің ұялатады. Бабадан қалған бата-тілек айтудың жолы бұзылып, сөзіміз сұйықталып бара жатқандай. Аталған мәселеге алаңдаған «Ауыл» партиясы «Батаменен ел көгерер» байқауын ұйымдастырғалы отыр. Оған 35 жастан асқан өңіріміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз қарсаңында …

БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР Read More »

ТӘРБИЕНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

«Қай халық болса да өз тарихын, төл дәстүр-салтын, ауыз әдебиетін, тілін қастерлейді» – дейді академик Манаш Қозыбаев. Өзінің рухани-мәдени құндылықтарын көздің қарашығындай сақтай алмаса, сыртқы күштердің рухани-мәдени экспансиясына қарсы тұра алмасы анық. «Қалпыңнан айырылсаң да, салтыңнан айырылма» демекші, халқымыздың салт-дәстүрлерінің құрып кетпеуіне, ұлттық құндылықтарды сақтауға үлесімізді қосу, ұмытылып, өше бастаған дәстүрлерімізді жаңғырту – біз-дің азаматтық …

ТӘРБИЕНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ Read More »

ОТБАСЫЛЫҚ БЮДЖЕТ: ақша кімнің қолында болуы керек?

Екі жастың үйлену тойында асаба жігіт ортаға «Үйде ақшаны кім ұстайды?» деген сауал тастап, үлкен өмірге бірге қадам басқалы тұрған жұбайлардың әбден ығырын шығарғанын талай көрдік. Күйеубала бұл сұраққа көп ойланбастан: «Тапқанымды ата-анама әкеліп беремін. Айлығымды анам ұстайды» деп жауап берді бірде. Асаба болса оны жер-көкке сыйғызбай мақтай жөнелді. Жалпы бұл – кез келген отбасында …

ОТБАСЫЛЫҚ БЮДЖЕТ: ақша кімнің қолында болуы керек? Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР ЗАУЫТТАРЫНЫҢ ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл өтсе де, тыл еңбеккерлерінің ұрпақтары аталары мен әжелерінің Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан ерлік істерін бір сәт те естен шығарған емес, әркез мақтан етеді. Тылдағы қанды қырғыннан кем болмаған жылдар әлі күнге дейін сананы сансыратып, жанарға жас үйіртеді. Ешқашан ұмытылмайтын, жадыдан өшпейтін маңызды күндерді жадыда жаңғырта отырып, аға ұрпақтың қаһармандық …

ҚЫЗЫЛЖАР ЗАУЫТТАРЫНЫҢ ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ Read More »

АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫС

Облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы алғашқы отырысын өткізді. Бұл жолы жиын ұйымдастырушылық сипатта өтті. Алдымен қоғамдық кеңестің төрағасы сайланды. Бұған дейін байқаушы органды қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменов басқарса, енді бұл міндетті белгілі журналист Ерлан Тоқшылық атқармақ. Жиында өңірдің өзекті мәселелерімен айналысатын комиссиялар құрамы бекітілді. Ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және экология мәселелері бойынша комиссияға «Ауыл» партиясы …

АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫС Read More »

Азамат МАҒЗҰМОВ: «КЕЙБІР НАУҚАСТАР ТЕГІН БЕРІЛГЕН ДӘРІНІ ІШПЕЙДІ»

– Азамат Белгібайұлы, жүрек – адамның ең маңызды органдарының бірі. Статистикаға сүйенсек, елімізде жүрек-қан тамыр ауруларынан болатын өлім-жітім алдыңғы орында. Жағдайды түзету үшін кардиологиялық орталықта қандай жұмыстар жүзеге асырылуда? – Әлем бойынша жүрек-қан тамыры ауруларынан өлім-жітім жиі тіркеледі. Бұл – жүректің ишемиялық, цереброваскулярлық, перифериялық артерия, ревматикалық жүрек ауруларының, жоғары қан қысымының салдары. Біздің облыста Үкімет …

Азамат МАҒЗҰМОВ: «КЕЙБІР НАУҚАСТАР ТЕГІН БЕРІЛГЕН ДӘРІНІ ІШПЕЙДІ» Read More »

БАСПАНАСЫ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Азаматтарды қабылдау орталығында өңір тұрғындарының өтініш- тілектерін тыңдады. Жеке қабылдауға жазылғандар ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру, жер телімдерін бөлу және баспана мәселелерін көтерді. Қабылдауға келгендердің бірі – Әбілдә Әбдікәрімов. Ол жергілікті атқарушы органдардан мүгедектігі бар адамдардың еңбек жағдайын жақсартуға және кәсіпкерлігін қолдауға 500 млн. теңге көлемінде қаражат бөлуді өтінді. Өңір …

БАСПАНАСЫ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА Read More »

ЖОЛ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖАЛҒАСАДЫ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол саласын дамыту және аталған салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының жол жағдайын жақсарту туралы тапсырмасына сәйкес биыл 9,5 мың шақырым жолға жөндеу жүргізу жоспарланған. Көлік министрі Марат Қарабаевтың мәліметінше, былтыр 12 мың шақырым жолға жөндеу жүргізілген, оның 8 мың шақырымы – республикалық жол, 4 мың …

ЖОЛ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖАЛҒАСАДЫ Read More »

ҚОҚЫСТЫ ӨҢДЕП, ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР ШЫҒАРАМЫЗ

«Радуга» көпсалалы сауда-өндірістік компания ретінде танымал, Қазақстан нарығында 30 жылдан астам тұрақты түрде жұмыс істеп, мол тәжірибе жинақтады, оның өнімдері бүгінде үлкен сұранысқа ие. Тек былтырдың өзінде ғана жалпы тауар айналымы 22,3 млрд. теңгеге жетті, төленген салық көлемі 2,6 млрд.теңгеге жуықтады. Бастапқыда лак-сыр бояғыштар шығаруға маманданса, кейін жүгері таяқшасы, тез пісетін тағамдардан бастап күнделікті тұрмысқа …

ҚОҚЫСТЫ ӨҢДЕП, ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР ШЫҒАРАМЫЗ Read More »