АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ
Қытайда IX қысқы Азия ойындары басталды. Қазақстаннан 137 адам спорттың 6 түрінен бақ сынауда. Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстанның туын солтүстікқазақстандық хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шықты. Әзірге Қазақстанның шорттрекшілері жақсы өнер көрсетуде. Қазақстан құрамасы ерлер арасында 5000 метрлік командалық эстафетада чемпион атанды. Ал 2000 метрге аралас командалық эстафетада мәреге екінші болып жетіп, …