ҒАЖАЙЫП ДҮНИЕНІҢ СЫРЫН ЖАЙЫП
Жібектей жұмсақ жылы жаздың айлы түні. Бойқызыл бойындағы қалың селеулі алқаптың арасындағы Ілия көлін жағалай қонған ауыл ән құшағында. Өткен ғасырдың елуінші жылдары әр жүректің қимасына айналған Абай әндері, әсіресе жастардың табынар тәңіріндей бойтұмарына айналып кеткен «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» әндері алтыбақанға жиналған қыз-бозбаланың ынтық көңілдерінен әуелей шырқалады. Айт пен тойда, шілдеханада шерменде көңілдің …