«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.02.2025

ПОЙЫЗДАҒЫ МАС ЖОЛАУШЫ

Булаево станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Есілкөл-Петропавл бағытындағы электр пойызынан мас жолаушыны ұстады. Облыстың 53 жастағы тұрғыны балағат сөздер айтып, жолаушылардың тыныштығын бұзған, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына қарсылық көрсеткен. Құқық бұзушыға қатысты алкогольді ішімдік ішкені, қоғамдық орындарға мас күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына …

ПОЙЫЗДАҒЫ МАС ЖОЛАУШЫ Read More »

СҰРЫПТАЛҒАН ҚОҚЫС

Өңірде «Таза бейсенбі» акциясы өтіп, оның аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері пластик бөтелкелерді бөлек жинап, сұрыптап шықты. Іс-шара жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қалдықтарды қайта өңдеуді насихаттауға бағытталған. Аталған науқан «AMANAT» партиясының «Болашақ» филиалы мен «Raduga KDR» серіктестігінің қолдауымен өтті. Студенттер жиналған қалдықтарды дәл сол жерде сұрыптап, акция аяқталғаннан кейін оны қайта …

СҰРЫПТАЛҒАН ҚОҚЫС Read More »

ҰЛЫ ДАЛА КЕРУЕНІ

Петропавлдағы «Ботай» арт-галереясында «Ұлы дала керуені» атты халықаралық көшпелі көрме бастау алды. Бірегей мәдени жоба Қазақстан қалаларында ғана емес, сондай-ақ Жібек жолы бойындағы Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Қытай және басқа да елдерде жүзеге асырылатын болады. Экспозиция Жібек жолы бойындағы елдердің мәдени алуандығы мен терең тарихи байланыстарын көрсетеді. Көрмені өткізетін әрбір қала тұрғындары дәстүрлі өнер мен …

ҰЛЫ ДАЛА КЕРУЕНІ Read More »

ЕКІНШІ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»

«Береке» шағынауданы заманауи әлеуметтік инфрақұрылым орталығына айналып келеді. Мұнда арнайы білім ошағы, балабақша және спорт кешені жұмыс істейді. Енді бұл нысандардың қатарын 600 орындық жайлы мектеп толықтырады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов шағынауданда салынып жатқан жайлы мектептің құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын бақылады. Қазір қасбетті қаптау, ішкі инженерлік желілерді тарту, еденін құю жұмыстары жүргізілуде. Сыртқы инженерлік …

ЕКІНШІ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» Read More »

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Тайынша ауданында көктемгі су тасқынына дайындықты тексеру, қауіп-қатерлерді жан-жақты талдау және қажетті шараларды қабылдау мақсатында кеңес өтті. Жұмыс сапары аясында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Келлеровка ауылындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Енді ауыл тұрғындары жыл бойы спортпен шұғылдана алады. Бұдан әрі өңір басшысы «КАЖ Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалына барып, республикалық және облыстық маңызы бар …

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ Read More »

«УАҚЫТША ОТБАСЫНДАҒЫ» ТӘРБИЕ ИНТЕРНАТТАҒЫДАН ТИІМДІ

Еліміздегі білім беру жүйесіндегі теңсіздік мәселесі әлі де өзекті. Ауылдық жерлерде тұратын балалар үшін сапалы білім алу мүмкіндігі айтарлықтай шектеулі. Көптеген елді мекендерде орта мектеп жоқ, балалар аудан орталықтарына қатынап оқуға немесе интернатта тұруға мәжбүр. Интернаттардың жұмысы жолға қойылғанымен, ондағы балалар өздерін үйдегідей сезіне алмайды. Ал ауылдан қалаға көшу көптеген отбасы үшін қаржылық және әлеуметтік …

«УАҚЫТША ОТБАСЫНДАҒЫ» ТӘРБИЕ ИНТЕРНАТТАҒЫДАН ТИІМДІ Read More »

ҮКІМЕТ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА МҮДДЕЛІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келгенін газетіміздің өткен санында жазғанбыз. Сапар барысында коммуналдық-энергетикалық сектор инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасымен және тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралармен танысты. Петропавл №2 жылу-электр орталығында болып, жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Үкімет басшысына «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асырылу жайы айтылды. …

ҮКІМЕТ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА МҮДДЕЛІ Read More »

ҚЫСТЫҢ ҚАРЫ – ЖЕРДІҢ НӘРІ

Егін бітік шығуы үшін топырақтағы ылғал қорының мол болғаны маңызды. Ол үшін қыстай қар тоқтату керек. Мамандар осы бағыттағы жұмыстарды дер кезінде жүргізбесе алқап бетін жасырған жұқа қардан өсімдікке пайда аз. Қар тоқтату – өңір диқандары үшін дәстүрге айналған көпжылдық тәжірибе.  Биыл шаруалар 3 млн. гектар алқапта қар тоқтатуды жоспарлап отыр. Бүгінге дейін тиісті жұмыстардың …

ҚЫСТЫҢ ҚАРЫ – ЖЕРДІҢ НӘРІ Read More »