«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.02.2025

СЫНАҚҚА СЫНБАҒАН

Облыстық полиция департаментінде кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығына арналған «ерлік сабағы» өтті. Іс-шара барысында жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жас полицейлері, курсанттар, Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің «Жас сақшы» сыныбының оқушылары соғыс ардагерлерімен кездесті. Ауған соғысының қатал сынақтарынан өткен «Қызыл жұлдыз» орденінің кавалері, отставкадағы полиция подполковнигі Давыд Шнайдер, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған отставкадағы полиция полковнигі …

СЫНАҚҚА СЫНБАҒАН Read More »

ӨНЕРГЕ АДАЛ ЖАН ЕДІ

«Қызылжар» креатив орталығында бар ғұмырын білім беру мен ұлттық өнерді насихаттауға арнаған, көзі тірісінде «Балқадиша» вокалды-фольклорлық халықтық ансамблінің көркемдік жетекшісі болған Мәшуда Ыбыраеваны еске алу кеші өтті. Шараға ардақты жанның замандастары, әріптестері, шәкірттері мен жерлестері қатысты. Еске алу кеші марқұмның өзі құрған «Балқадиша» ансамблінің орындауындағы әнмен басталды. Әжелерден құралған өнер ұжымының Қызылжар сахнасында жүргеніне 20 …

ӨНЕРГЕ АДАЛ ЖАН ЕДІ Read More »

ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН БАТЫРЛАР

Биыл өтетін мерейтойлық іс-шаралардың ішінде Жеңістің 80 жылдығы ерекше орын алады. Президент «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында бұл күнге арнайы тоқталып, «Жеңістің биылғы мерекесі Қазақстанның бірде-бір азаматын бейжай қалдырмайтынына сенімдімін, Өйткені біздің елде сұрапыл соғыстың зардабын тартпаған отбасы жоқ деуге болады. Соғыста қаза тапқандарды ұмытпай, қаһарман ерлеріміздің рухына тағзым ету, ел ішінде бейбітшілік пен тыныштықты …

ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН БАТЫРЛАР Read More »

116 ЕЛДІ МЕКЕНДІ СУ БАСУЫ МҮМКІН

«Бейбіт күннің батырлары кімдер?» дегенде алдымен еске екі күннің бірінде басын қатерге тігіп, түрлі апаттарда, өрттер мен су тасқынында алдыңғы саптан табылатын өрт сөндірушілер мен құтқарушылар түседі. Бұл жұмыс кез келгеннің қолынан келе бермейді. Жүректілік, машық, білім мен білік және тәжірибе керек. Бұл мамандар былтырғы су тасқынында өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып шықты. Дегенмен көктем …

116 ЕЛДІ МЕКЕНДІ СУ БАСУЫ МҮМКІН Read More »

НАРЫҚТЫ ЖАУЛАҒАН ШЕТЕЛ ЖАҢҒАҒЫ

Қазақстан жаңғақ өнімдерін көп жағдайда шетелден импорттайды, елдегі климаттық ерекшеліктер кейбір жаңғақ түрлерін өсіруге мүмкіндік бермегендіктен, өндіріс көлемі ішкі сұранысты толық қанағаттандыра алмайды. Сондықтан нарықтағы қажеттілікті өтеу үшін Қазақстан әртүрлі елдерден жаңғақ сатып алуға мәжбүр. Мәселен, 2024 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстанда өңделген және консервіленген жаңғақтар мен жемістер өндірісі 12,2 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың …

НАРЫҚТЫ ЖАУЛАҒАН ШЕТЕЛ ЖАҢҒАҒЫ Read More »

САПАСЫ ЖОҒАРЫ, БАҒАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ

Тұтынушы – нарықтың басты қозғаушы күші. Әрбір адам күнделікті өмірде сапалы, ыңғайлы әрі қолжетімді тауарларды таңдауға тырысады. Киім-кешек нарығында да осы үрдіс байқалады, ал оның ішінде шұлық өндірісі ерекше орын алады. Бір қарағанда қарапайым көрінетін бұл өнімді шығару – жоғары технологиялар мен сапалы шикізатты қажет ететін күрделі үдеріс. Әлемдік нарықта шұлық өндірісінде Қытай, Түркия және …

САПАСЫ ЖОҒАРЫ, БАҒАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ Read More »

МӘСЛИХАТ АЛДЫНДА – КЕЗЕК КҮТТІРМЕС МІНДЕТТЕР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөйлеген сөзінде мәслихаттар мен әкімдіктердің тығыз ынтымақтастығының, өкілді органдарды мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді іске асыруға тартудың маңыздылығына тоқтала келіп мәслихат депутаттарының құзыреттілік деңгейін жүйелі түрде арттыруды, азаматтармен тікелей өзара іс-қимыл жасауды және қоғамды өз жұмысы туралы жан-жақты хабардар етуді тапсырды. Бұл міндет жаңа жүйе …

МӘСЛИХАТ АЛДЫНДА – КЕЗЕК КҮТТІРМЕС МІНДЕТТЕР Read More »