ӨНЕГЕЛІ ӨМІР
Әкем – Қақаш Әуелбекұлы 1922 жылы Әкет ауылында дүниеге келген. Бір рулы ел мекендеген бұл ауыл ертеректе бұрынғы Көкшетау облысының Казанка (қазіргі Айыртау) ауданына қарайтын. Орманның ортасында орналасқан екен. Тарихымызда ұлы жұт аталып кеткен 1932 жылы орын алған ашаршылық жылдарында әкем небәрі 10 жаста болған. Ауыл тұрғындары бір түнде Сухарабовка, Булаев елді мекендеріне жылжиды. 1936 …