«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.02.2025

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ

Жезқазған – Петропавл автожолының 800-ші шақырымында бидай тиелген «КамАЗ» көлігін жүргізіп келе жатқан 37 жастағы Мамлют ауданының тұрғыны рөлге ие бола алмай жол жиегіне түсіп кеткен. Оны жол қозғалысын патрульдеп жүрген полицейлер байқап қалған. Олар ауыр жүк көлігін қардан шығару үшін арнайы техника табуға көмектесті. Екі күннен кейін дәл сол маңда, нақтырақ 806-шы шақырымында тіркемесі …

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ Read More »

«ӨЛЕМІН» ДЕП ҚОРҚЫТҚАН

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 ақпан күні  таңғы сағат  жетілер шамасында қаланың көңіл көтеретін орындарының бірінде мас күйдегі екі тұрғын төбелесіп қалған. Жақын маңда кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін оқиға орнына жетті. «Шу шығарғандардың біреуінің қолына кісен салды. Екіншісі ашу үстінде  тамағына пышақ тақап, өзін-өзі өлтіретінін айтып қорқыта бастаған. …

«ӨЛЕМІН» ДЕП ҚОРҚЫТҚАН Read More »

ТУҒАН ЖЕРІМ ЕРЕКШЕ ЫСТЫҚ

Туған жерің – алтын бесік атамекенің. Ол – әке-шешеңнің, ата-әжеңнің құтты қонысы. Әр адамның «кіші Отанына» деген сүйіспеншілігі ерекше  болатынын жастайымнан бойыма сіңіріп өстім. Менің туып-өскен жерім – Есіл ауданындағы Бұлақ ауылы. Бақытты балалық шағым осында  өтті.  Үлкен қазақ ауылында жалғыз ғана орыс отбасы тұрсақ та, «Сен орыссың, біз қазақпыз» деп бөлгендерін ешқашан естімеппін. Отбасымызбен …

ТУҒАН ЖЕРІМ ЕРЕКШЕ ЫСТЫҚ Read More »

ЕШКІМДІ ЖАТСЫНҒАН ЖОҚ

Кеңес одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен аман қалған жоқ. Тіпті тұтас бір халық сенімсіз ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды. 1 наурызда  еліміз бойынша  кеңінен атап өтілетін Алғыс айту күні жалпыхалықтық мереке  ретінде орнығып,  бейбітшілік пен келісімнің жарқын көрінісіне айналды. Менің ойымша, Алғыс айту күнінің басты мәні – …

ЕШКІМДІ ЖАТСЫНҒАН ЖОҚ Read More »

ЖҰМЫРТҚА БАҒАСЫ ТҰРАҚТАНАДЫ

Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер салалық қауымдастығы және Сауда желілері одағы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын іске асыру бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандумның негізі – тараптардың баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге деген өзара мүдделілігі мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Қол қойылған меморандум аясында Құс өсірушілер одағы …

ЖҰМЫРТҚА БАҒАСЫ ТҰРАҚТАНАДЫ Read More »

КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ ДАЙЫНДЫҚ

Есіл ауданының Николаевка ауылындағы «Кантемир-Агро» серіктестігі көктемгі егіс жұмысына әзірлікке білек сыбана кірісіп кеткен. Күзде жерлерін жыртып қойған іскер мамандар қазір техникаларын қалыпқа келтіріп, ескірген құрал-саймандарды жаңасына ауыстыруда. Агроқұрылым жанынан өткен жылы техника бөлшектерін жөндейтін шеберхана ашылған. Соның арқасында көлікті басқаратын жұмысшылар енді аудан мен облыс орталығына сандалып жүрмейді. Серіктестік инженері Игорь Дынниктің айтуынша, қазіргі …

КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ ДАЙЫНДЫҚ Read More »

ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛЕНСЕ, САПА АРТАДЫ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әділет органдарын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды. Онда Әділет министрі атқарылған іс туралы баяндады. Тағы бірқатар тиісті ведомство өкілдері мен салаға қатысты мамандар да сөз алды. Мәжбүрлеп орындату тоқтайды Әділет министрлігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Мемлекет басшысының жасанды интеллектіні пайдалана отырып, цифрлық экожүйені құрумен толық …

ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛЕНСЕ, САПА АРТАДЫ Read More »

ЖАННЫҢ АЗЫҒЫ,ТӘННІҢ ШИПАСЫ

Ертең, бірінші наурызда 2025 жылдың оразасы келіп жетеді. Исі мұсылман жұртшылығы осы айда Құдайдың разылығын көздеп, таң сәрісімен тұрып аузын бекітіп, күн ұясына батысымен аузын ашып, қуанып, мәз-мейрам болады. Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек мен үшін. Оның сыйын (сауабын) өзім ғана беремін…», – деп оразаның қадірі мен қасиетін баяндаған. Ораза кімдерге парыз? Рамазан …

ЖАННЫҢ АЗЫҒЫ,ТӘННІҢ ШИПАСЫ Read More »

ТӨРДЕН ОРЫН БЕРДІК ПЕ?

Әр әзілдің астарында ащы шындық жатыр. Біздің қоғамда мұғалімдерге қатысты түрлі әзіл айтылады. Ал тереңінен ойласақ, күлетін жайт емес екен. Қазақ үшін мұғалім кім еді? Көзі ашық, көкірегі ояу тұлға-тұғын. Мұғалімдерге құрмет көрсетер кезде  ойлылардың айтқан асыл сөздерін жиып-теріп, төрден орын береміз де, келесі күні жолын кесіп жүре беретін қоғамбыз. Іштей  қоғамның дамуында білім саласының, …

ТӨРДЕН ОРЫН БЕРДІК ПЕ? Read More »

КІТАП ОҚЫҒАН МҰҒАЛІМНІҢ САБАҒЫ ДА МАЗМҰНДЫ

Мұғалімнің кәсіби дамуы үздіксіз білім алумен тікелей байланысты. Кітап оқу – ұстаздың ақыл-ойын қуаттандыратын, таным көкжиегін кеңейтетін, оқыту әдістемесін жетілдіруге көмектесетін маңызды құрал. Ұстаз қаншалықты көп оқыса, оның сабағы да, оқушылармен қарым-қатынасы да соғұрлым мазмұнды әрі әсерлі болмақ. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы адамдардың кітап оқуға деген қызығушылығын бәсеңдетіп жіберді. Бұл, әсіресе, жас мамандар …

КІТАП ОҚЫҒАН МҰҒАЛІМНІҢ САБАҒЫ ДА МАЗМҰНДЫ Read More »

БАЛА ЖҮРЕГІНЕ АПАРАР ЖОЛ

Тәpбиe мeн білім – егіз. Білім беру бaлабaқшa табалдырығынaн басталады десек, қателеспейміз. «Бала жүрегі – кішкентай күйсандық. Сoл сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру ке-рек» – деп М.Шаханов ағамыз айтқандай, біз – тәрбиешілер, әp бaланың жүрегіне жол тaбуымыз қажет. Мектеп жacына дейінгі балаларды дамыту мәселесі – мемлекетіміздің саясатының ажырамас …

БАЛА ЖҮРЕГІНЕ АПАРАР ЖОЛ Read More »

БІЛІМНІҢ КІЛТІН ҰСТАТҚАН

Тәуелсіз еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде мұғалімнің орны ерекше. Өйткені адам бойындағы ең асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздың еңбегі ерен. Бала тәрбиесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгіге ізетін аямайтын, ұрпағына ұлылық ұялата білген, өзінің саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған, ұлағатты, білімді, еңбекқор ұстаздың бірі – Күлсара Ықласқызы Хамзина. …

БІЛІМНІҢ КІЛТІН ҰСТАТҚАН Read More »

ҮЗДІК МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ОҚИДЫ

Петропавлда дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында облыстық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға «Мың бала» ұлттық зияткерлік жобасының жеңімпаздары, білім беру саласының мамандары мен мектеп директорлары қатысты. Сонымен қатар ұстаздарды қолдау және олардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар таныстырылды. Өңірлік семинарды «El Umiti» корпоративтік қоры мен «Қызылжар дарыны» орталығы бірлесіп өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – қабілетті оқушыларды …

ҮЗДІК МЕКТЕПТЕРДЕ ТЕГІН ОҚИДЫ Read More »

Рәзия ЫДЫРЫСБАЕВА: «ЖУРНАЛИСТ ӘМБЕБАП БОЛУЫ КЕРЕК»

– Биыл облыстық «Qyzyljar» телеарнасының құрылғанына  65 жыл толады. Өңірдегі ең ірі медиаұжымның қазіргі аяқ алысы, ұстанған бағыты қандай? –  Өңіріміздің  басты телеарнасы 65 жылдық мерейтойын атап өтуде. Солтүстік Қазақстан облысындағы  ең ірі медиа-ұжымның ұстанған бағыты – өңір шежіресін таспалап, «халықтың көзі, құлағы һәм тіліне» айналу. Қазіргідей технология дамыған заманда жұртты қызықтыру, экран алдында ұстап …

Рәзия ЫДЫРЫСБАЕВА: «ЖУРНАЛИСТ ӘМБЕБАП БОЛУЫ КЕРЕК» Read More »

550 МАМАН ЖЕТІСПЕЙДІ

Облыстық әкімдікте өткен отырыста жылыту маусымының өту барысы және  «Таза Қазақстан» республикалық акциясының жүзеге асырылуы  қаралды. Бүгінгі таңда жылумен 585 білім беру нысаны, 1435 көппәтерлі тұрғын үй және 363 денсаулық сақтау нысаны қамтамасыз етілген. Барлық 490 қазандық штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдайлар мен технологиялық бұзылу деректері тіркелмеген. «Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Тимирязев, Уәлиханов және …

550 МАМАН ЖЕТІСПЕЙДІ Read More »

АУЫЗСУМЕН ҚАМТУҒА — ҚОСЫМША ҚАРЖЫ

Облыстық мәслихаттың 22-ші кезектен тыс сессиясында алты мәселе қаралды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде бес жыл ішінде қала мен ауылды 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз ету міндеті қойылды. Облыстық бюджетті нақтылаудың негізгі мақсаты жыл соңына дейін …

АУЫЗСУМЕН ҚАМТУҒА — ҚОСЫМША ҚАРЖЫ Read More »

«ӨРМЕКШІ АДАМ» ТӨРГЕ ОЗҒАН ЗАМАН

Ата-аналардың, ұстаздар қауымының көбі сәбилерінің туған күндері, бастауыш сыныпты бітіру кештері, өзге де мерекелік шараларға ертегі кейіпкерлерін айнытпай сомдап беретін аниматорлар іздеп сандалатыны белгілі. Өңірімізде клиенттің ойын ә дегеннен түсініп, айтқан кейіпкерінің кескін-келбетін, айтар сөзін сол қалпында салып беретін аниматорлар аз емес. Алайда олардың барлығы бірдей қазақша сөйлей алмайды. Халқымыздың «Мақта қыз бен мысығын», «Қарлығашын», …

«ӨРМЕКШІ АДАМ» ТӨРГЕ ОЗҒАН ЗАМАН Read More »

Жерлесіміздің жарқын жеңісі

Солтүстікқазақстандық балуан Мейіржан Берекетов қазақ күресінен Үндістанда өткен әлем біріншілігінде чемпион атанды. Дүбірлі додаға 20-дан астам елден 200-ге жуық спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Делидегі жарыстың алғашқы күнінде 60 келі салмақта белдескен Мейіржан Берекетов қарсыластарын қоғадай жапырып, финалда грузин балуанын жеңді. Осылайша жерлесіміз Қазақстан қоржынына әлем чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдені салды. Жеңімпазды …

Жерлесіміздің жарқын жеңісі Read More »

МАЙ ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА ЗАУЫТ

Президенттің аграрлық саладағы өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Масло-Дел» ЖШС-ның майды экстракциялау зауыты іске қосылды. Зауыттың жалпы құны 34 млрд. теңгені құрайды және оның іске қосылуы өңір экономикасына елеулі серпін бермек. Жоба аясында 220 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен …

МАЙ ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА ЗАУЫТ Read More »