«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.03.2025

ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

Бокстан Сербияда өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында солтүстікқазақстандық Наталья Богданова қола жүлдегер атанды. 2023 жылы Қытайда өткен Азия ойындарында да ол қола медаль алған болатын. Былтыр Тайландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Спортшы бокспен 7 сыныптан бастап шұғылданып келеді. Бүгінде «Барыс» спорт клубында жаттығып жүр. Бапкері – Дастан Қабденов. Бұл әлем чемпионатында Назым …

ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ Read More »

ШАХМАТ ҮЙРЕТЕТІН ТРЕНАЖЕР

7-сынып оқушысы шахмат ойнауды үйренемін дегендерге арнап тренажер жасады. Болашақ инженер Ерлан Құдайберген Аққайың ауданы У.М.Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебінде білім алады. Ол жасаған шахмат тренажері ойынды үйренгісі келетін, бірақ фигуралардың жүрісін білмейтіндерге арналған. Электронды құрылғыдағы фигураны қозғаған кезде шам жанып, оның жүріс жолын көрсетеді. Сондай-ақ дыбыс арқылы оның ерекшелігі айтылып, кеңес беріледі. – Тренажерді …

ШАХМАТ ҮЙРЕТЕТІН ТРЕНАЖЕР Read More »

ӨТІНДЕ — ЖҰМЫРТҚАДАЙ ТАС

Петропавлда 58 жастағы әйелге ота жасалып, оның өтінен көлемі тауық жұмыртқасындай тас алынды. Петропавлдағы көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына сырқат қатты ауырып келген. Ол ішінің жоғарғы бөлігі мазалап, жүрегі айнитынын, аузына ащы дәм келетінін айтқан және жалпы әлсіздікке шағымданған. Дәрігерлер тексеру барысында оның өтінде тастың барын анықтады. Тастардың бірінің көлемі тауық жұмыртқасындай болған. Шұғыл …

ӨТІНДЕ — ЖҰМЫРТҚАДАЙ ТАС Read More »

ТҰТҚЫНДАР ТАҒДЫРЫ

Достық үйінде Екінші дүниежүзілік соғыстағы фашистік концлагерьлердің бұрынғы тұтқындарымен және олардың туыстарымен кездесу ұйымдастырылды. Шараға облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Кездесуді «Радзіма» Солтүстік Қазақстан Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Татаренко ашты. Ол жыл сайын 11 сәуір күні бүкіл әлемде фашистік концлагерьлердің тұтқындарын азат ету күні ретінде атап өтілетінін айтты. …

ТҰТҚЫНДАР ТАҒДЫРЫ Read More »

ТАҒДЫРЫ – ТАРИХ, ІСІ – ӨНЕГЕ

Жұмабек Тәшенов 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысы Аршалы ауданы Танагүл ауылында дүниеге келген (қазіргі Береке ауылының маңайында). Бұл елді мекен жойылып кеткен, тек Танагүл көлі мен көне зират қана бар. Әкесінің азан шақырып қойған аты – Тәш-Мұхаммед Жақсыбайұлы, сөзі өтімді, беделді кісі болған. Анасы – Гүлсім. Тәшекең 1917-1924 жылдары Бабатай ауыл шаруашылығы фермасында, 1924-1930 …

ТАҒДЫРЫ – ТАРИХ, ІСІ – ӨНЕГЕ Read More »

АСҚАҚТАҒАН ӘН, ШАЛҚЫҒАН ЖЫР

Қазақ айтысы жаңа биікке көтеріліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген өткен ғасырдың 80-ші жылдары өңірлер арасында командалық айтыс ұйымдастырылып, талай жыр жүйріктері аламанның шаңын көтеріп, ұлттық өнердің тұғырын биіктете түскен еді. Осы оң бастама бүгін де жалғасын тауып, Қазақстанның 20 аймағының өнер майталмандары бір-бірімен сынға түсуде. Былтыр бастау алған ауқымды жоба ережесіне сай командалар өзара сайысып, …

АСҚАҚТАҒАН ӘН, ШАЛҚЫҒАН ЖЫР Read More »

БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ

Облыс орталығында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, сауда- саттық барысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов аралап көрді. Жүзден астам шаруашылық пен кәсіпорын тұрғындарға бағасы қолжетімді жарты мың тоннаға жуық азық-түлік өнімдерін ұсынды. Оның ішінде 95,1 тонна ет және шұжық, 12,2 тонна сүт, 45,5 тонна ұн өнімдері, 4,5 тонна бал, 110 мың дана жұмыртқа, 342 …

БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ Read More »

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН НАУРЫЗНАМА

Көктемнің алғашқы лебі есіп, табиғат қайта оянғанда ел ішінде ерекше мейрам тойланады. Бұл – Амал мерекесі. Оны халқымыз ықылым заманнан бері жылдың басы санап, қастерлеп келеді. Себебі Амал – табиғат қана емес, адамның жаны да жаңарып, жүректер тоғысып, бауырмалдық бекемделетін күн. Наурызнаманың алғашқы күні өңірдегі ақ жаулықты аналарымыз бен ақ сақалды аталарымыз, түрлі этнос өкілдері …

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН НАУРЫЗНАМА Read More »