МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАРДЫ ӨҢДЕУ КЕНЖЕЛЕП ТҰР
Жақында Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады. Сауалды Мәжіліс депутаты, аграрлық саланы бес саусағындай білетін маман Еркебұлан Мәмбетов оқып берді. Депутаттық сауалда былай делінген: «Бүгінде республика бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 23,3 млн. гектарға жуық, оның 72 пайызын дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар құрайды. Қазіргі таңда …