«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.04.2025

ШЕЖІРЕ-ҒҰМЫР

1967 жыл. Қаңтар айының алғашқы күндері КазГУ-дың үлкен акт залында елге әйгілі Сәбит Мұқановпен кездесу болды. Ертегідей шаһарды да, аңыз жазушыны да алғаш рет көргенім. Сәбең әзіл-оспаққа жүйрік, айтқыш ойнақы сөйлейді екен. Аудиторияны өз уысында ұстап, қызықты шығармашылық ойларымен бөлісті. Есімде қалғаны: он алты томдық таңдамалы шығармаларым шықпақшы, «Госплан» терлейді» дегені бар. Әсіресе Шоқан Уәлиханов …

ШЕЖІРЕ-ҒҰМЫР Read More »

ҚҰЛАҒЫМДА ҚОҢЫР ДАУСЫ

Алматыдағы Сәбит Мұқановтың әдеби-музей үйіне кіріп барған бетте магнитофонға жазылып алынған әйгілі жазушының майда қоңыр даусы құлаққа шалынған сайын сол бір әсерлі сәттер әп-сәтте көз алдыңа келіп, көңіл күйіңді еріксіз толқытар еді. Қазақ радиосының редакторы ретінде қадірмен жазушы Сәбит Мұқановпен бір мәселеге байланысты сөйлесуіме тура келді. Оған сол кездегі әдебиет бөлімінің бастығы, марқұм Әнуарбек Дүйсенбиевтің …

ҚҰЛАҒЫМДА ҚОҢЫР ДАУСЫ Read More »

ҚАЛАМГЕРДІҢ КӨЗІНДЕЙ

Жамбыл ауданындағы Сәбит ауылында орналасқан С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражай өңіріміздің киелі жерлерінің картасына енген. 35 жыл ішінде мұражайдағы жәдігерлерді Қазақстанның әр түкпірінен, сондай-ақ алыс-жақын шетелден келген мыңдаған мейман тамашалады. Музейге айналған ғимаратты 1959 жылы Сәбит Мұқановтың өзі мен оның немере ағасы Ш.Мұстафин Благовещенка ауылындағы бұрынғы ауыл көпесінің ағаштан тұрғызылған үйінен құрастырып, салған. 180 шаршы метрді …

ҚАЛАМГЕРДІҢ КӨЗІНДЕЙ Read More »

ЕЛ ҰМЫТПАС ЕСІМДЕР

Әке қадірін ерте күннен біліп өскен ұрпақпыз ғой. Жалғыз мен емес, Тайынша ауданына қарасты ынтымағы бұзылмаған Қарағаш ауылында туып-өскен, үлкендердің жақсы істерін жалғастырып келе жатқан буын бақилық болған азаматтарын еш ұмытпайды, олардың аманатына адал. – Шіркін, заман-ай, – дейтін елдегі көнекөз қарттардың бірі – соғыс және еңбек ардагері, марқұм Шайхислам ақсақал (Шайқы Уәлиев). – Осы …

ЕЛ ҰМЫТПАС ЕСІМДЕР Read More »

АНАЛАРДЫҢ САУЛЫҒЫНА – АЙРЫҚША НАЗАР

Үстіміздегі жылдан бастап Қазақстанда жасөспірімдердің және 15 пен 49 жас аралығындағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында «Аналар саулығы» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Айнагүл Дәулетшинаның айтуынша, қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін прегравидалды дайындық түрінде жүргізіледі. Прегравидалды дайындық – бұл әйелді …

АНАЛАРДЫҢ САУЛЫҒЫНА – АЙРЫҚША НАЗАР Read More »

КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ

Әлемнің көптеген елдерінде кітап күнін атап өту дәстүрге айналған. Өркениет биігіне ұмтылған озық ойлы ұлттар әлдеқашан кітап оқудың пайдасын ұғынып, жастардың бойындағы әдебиетке деген ықыласын оятуға ден қойған. Елімізде де қоғам белсенділерінің осындай мереке жариялау идеясын көтеріп жүргендеріне көп болды. Бұл ұсыныс қолдау тауып, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітап мерекесі …

КІТАП – БІЛІМ БҰЛАҒЫ Read More »

ЕКІ ЕР АДАМ УЛАНДЫ

Петропавлда екі ер адам автомобиль қозғалтқышын жуатын сұйықтықты абайсызда ішіп қойған. Қатты уланған оларды дәрігерлер аман алып қалды. Петропавл қалалық көпбейінді аурухананың мәліметінше, уланған ер адамның біреуі – 62-де, екіншісі – 33-те. Олар бір-бірімен таныс емес, қаланың екі шағынауданында тұрады. Біріншісі химиялық сұйықтықтан бір жұтым, екіншісі екі жұтым ішкен екен. Осының салдарынан ауруханаға түскенде жағдайлары …

ЕКІ ЕР АДАМ УЛАНДЫ Read More »

ІС БАСЫНДА – ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР

Облыс орталығында іскер әйелдердің кездесуі өтті. Жиында қыз-келіншектердің қоғамдағы белсенділігі туралы сөз қозғалды. «Қазақстанның әйелдер күштері альянсы» облыстық филиалының ұжымы ауқымды жұмыс атқаруда. Өткен жылы өңірде «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» атты мектеп құрылған. Игі бастама аясында бір жылдың ішінде 60-қа жуық нәзік жан білім алды. Аталған ұйым қыз-келіншектердің жұмысқа орналасуына да септігін тигізіп отыр. – Қыз-келіншектерге …

ІС БАСЫНДА – ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР Read More »

ЖАУЫНГЕР ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған көрме Жеңістің 80 жылдығына арналды. Көрме сөресіне Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мол мәлімет, құжаттар, суреттер, майдангерлердің жеке заттары, қару-жарақ және фашистерден алынған бұйымдар қойылды. Жәдігерлердің басым көпшілігін музейге соғыс ардагерлерінің туған-туыстары әкеліп тапсырған. Көрмеге келушілер 858-ші артиллериялық полк батареясының командирі Иван Прядконың соғыста түскен суретін, тапанша қабын, сыйға алған қалта сағатын …

ЖАУЫНГЕР ЖӘДІГЕРЛЕРІ Read More »

КОНДУКТОР – АВТОБУСТЫҢ АЙНАСЫ

Таңалакеуімнен кеш қарайғанға дейін жолдан көз алмайтын қоғамдық көлік жүргізушілеріне кондукторлар – таптырмас көмекші. Олардан қырағылық пен шапшаңдық талап етіледі. Сырт көзге жеңіл болып көрінгенімен, өзіндік қиындығы жетіп артылатын жұмыстың қыр-сырына қанық болу мақсатында бір күнімізді №27 бағыт бойынша қатынайтын автобустың кондукторы Назгүл Жүкенованың жанында өткіздік. Алпыс орындық автобуста ине шаншар орын жоқ, 80 адам …

КОНДУКТОР – АВТОБУСТЫҢ АЙНАСЫ Read More »

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҒЫМ КӨП

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында депутаттар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі жайын талқылады. Басқосуда халық қалаулылары қаланың кейбір ықшамаудандарында қажетті маман, тіпті емхананың өзі болмаған жағдайда халықтың қай жерден қалай көмек ала алатынына жауап іздеді. Депутат Юлия Пронина халқы тығыз орналасқан шағынаудандарда тұрғындармен кездесу кезінде осындай мәселенің үнемі көтерілетінін тілге …

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҒЫМ КӨП Read More »

МАЙДАНГЕР АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Василий Макиенко ойда-жоқта жарақат алып, ауруханаға түсті. Майдангердің туыстарының айтуынша, ол күнде саябаққа барып, құстарға жем шашуды әдет қылған. Ал кеше жолда оны 9 жасар қыз бала қағып кеткен. Ардагер «Жедел жәрдем» көлігімен ауруханаға жеткізілді. – Василий Макиенко көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Медициналық тексеруден кейін оған …

МАЙДАНГЕР АУРУХАНАҒА ТҮСТІ Read More »

ЖОЛ МАМАНДАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Өңірге жұмыс сапарымен көлік вице-министрі Талғат Ластаев келді. Вице-министр өз сапарын облыс орталығындағы Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ лицейден бастады. Мұнда елордалық мейман мұғалімдермен және мектеп оқушыларымен кездесіп, көлік саласындағы жаңа мамандықтар, логистикада табысқа жету мүмкіндіктері туралы айтты. Орталық Азия, Қытай, Ресей мен Еуропаның орта­сында орналасқан Қазақстан үшін логистиканы дамыту маңызды. Одан бөлек, Каспий теңізінде кеме …

ЖОЛ МАМАНДАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ Read More »

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ АРТТЫ

Өткен жылдың қорытындысында облыс экономикалық көрсеткіштер өсімі бойынша 120 пайызбен республикада бірінші орында тұр. Бұл – жалпыұлттық пулға енгізілген және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың нәтижесі. Өткен жылы жалпы сомасы 32,8 млрд. теңге болатын 15 жоба іске қосылған. Оң көрсеткіштері бар салалар қатарында ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда-саттық өнімдерінің экспорты және импорты бар. Мәселен, жаңа …

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ АРТТЫ Read More »

ТЕХНИКА ТОЛЫҚ ЖАҢАРҒАН

Егін егетін мезгіл жақындаған сайын диқандар көктемгі науқанға қызу дайындық үстінде. Қызылжар ауданындағы «СК-Вагулинское» серіктестігі егіске сақадай сай. Агроқұрылым биыл 11 мың гектар алқапқа дән екпек. Маңызды жұмысқа 30-ға жуық тегеурінді техника дайын тұр. Өткен жылы машина-трактор паркі толығымен жаңартылған. Мамандарға құбылып тұрған ауа райы ғана кедергі болуда. «СК-Вагулинское» ЖШС-ның бас агрономы Ерғали Табылдиновтың айтуынша, …

ТЕХНИКА ТОЛЫҚ ЖАҢАРҒАН Read More »

ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛМАУЫ КЕРЕК

Инвестиция – экономика дамуының басты көрсетілімі. Қазақстан инвесторлар үшін қолайлылықтың басты алаңы саналатын «S&P» рейтингінде бірнеше жыл қатарынан ТМД елдерінің ішінде көш бастап тұр. Аталған ұйым еліміздің несие рейтингін BBB-, яғни «тұрақты» деп бағалаған. Алайда экономикаға инвестор тарту бар да, сол инвестордың құқығын қорғап, алаңсыз жұмысына қолайлы жағдай жасау бар. Негізсіз тексерістер мен қағазбастылықтың кесірінен …

ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛМАУЫ КЕРЕК Read More »

ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ

Соңғы жылдары елімізде кадр әлеуетінің сапалық құрамын арттыру күн тәртібіне қойылып, бұл бағытқа барынша көңіл бөліне бастады. Қай сала болмасын білімді де тәжірибелі жұмысшы мамандарға мұқтаж екені белгілі. Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауында маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейте отырып, білім бағдарламасы заман талабына сай келетін өз оқу …

ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ Read More »

КІНДІК ШЕШЕҢІЗ КІМ?

Қазақ халқы ежелден кіндік шешенің бала өмірінде өзіндік орны бар деп есептеген. Сондықтан оны туған анасынан кейінгі орынға қойып, қадір тұтқан. Қазір осы дәстүрден жаңылып қалғандаймыз, сәбидің әке-шешесі қалаған адамын кіндік шеше атандырып жүр. Жалпы кіндік шеше дегеніміз кім? Міндеті кіндік баласының туған күніне сыйлық әкеліп, алтын сырға тағып кетумен шектеле ме? Кіндік шешенің міндеті …

КІНДІК ШЕШЕҢІЗ КІМ? Read More »

ТАЗА СУ ТАПШЫ АУЫЛДАР

Бүгінгі таңда өңірде ауыл халқын таза сумен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Былтыр 10 мың тұрғыны бар 64 ауылға кешенді блок- модульдер орнатылды. Сонымен қатар 280 шақырым су құбыры желісі жаңғыртылды. Су құбырларын салу және жаңарту жұмысы 5 мың тұрғыны бар 15 елді мекенде атқарылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі ауыл халқының 97,5 …

ТАЗА СУ ТАПШЫ АУЫЛДАР Read More »

ТАСҚЫНҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАР

Бүгінде өңір бойынша өзен-көлдердегі су көлемі артып, тасқынның үшінші толқыны жүріп жатыр. Мәселен, соңғы тәулікте Сер­геев су қоймасындағы су деңгейі 31 санти­метрге жоғарылап, 237 сантиметрді құраған. Петропавл су торабында да су деңгейі сағат сайын көтерілуде. Заречный кентіне апара­тын жолды су басып, көліктің барлық түр­леріне шектеу қойылған. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Шөптікөл, Есіл ауда­нындағы Петровка ауылдары …

ТАСҚЫНҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАР Read More »