«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.05.2025

ҚУАТТЫ ӘСКЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ

Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты Петропавл қаласындағы 99275 әскери бөлімі аймақтағы қорғаныс қабілетін күшейту, қорғау, сондай-ақ диверсияға қарсы іс- әрекеттерді орындаумен айналысады. Облыстар мен қалаларда, аудандар мен ауылдарда маңызды стратегиялық нысандарды қорғап, басқа құрылымдық әскерлердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауына мүмкіндік береді. Ал төтенше жағдай орын алған кезде әскерилер табиғи және техногендік сипаттағы …

ҚУАТТЫ ӘСКЕР – ЕЛ ҚОРҒАНЫ Read More »

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ, ІСІ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ

Қай ауылда болмасын өз ісіне адал, алдыңғы қатарлы еңбек адамдары аз емес. Олар көп жағдайда назарға іліне бермейді, қалтарыста қалып жататыны да шындық. Сондай жандардың бірі – Айыртау ауданындағы қосымша білім беру орталығының киім ілушісі, кәсіподақ ұйымының мүшесі Тоғжан Базарбаева. – Біздің орталықта өнерпаздардан бөлек қарапайым еңбек адамдары да жұмыс істейді. Тоғжан Нұрғалиқызының жауапкершілігі мол, …

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ, ІСІ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ Read More »

ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

«Qyzylzar» креатив орталығында облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Шын жүректен» жобасы аясында «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты мерекелік іс-шара өтті. «Шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Корабельников бұл кездесудің «Жұмысшы мамандықтары» жылы аясында өтіп жатқанын атап өтті. Жиынға еңбек ардагерлері ғана емес, жұмысшы мамандығын игерген жастар да қатысты. Сахна төріне …

ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ Read More »

ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

Облыс орталығында Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрметті қызметкері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Сапар Дүйсенов тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Салтанатты рәсімге өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, прокуратура органдарының өкілдері, ардагерлер, қала тұрғындары мен марқұмның туған-туысқандары қатысты. – Сапар Дүйсенұлы майданда Отанымызды абыроймен қорғап, ерлік пен төзімділік танытты. Соғыстан …

ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ Read More »

ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мемлекет және қоғам қайраткері Анатолий Башмаковқа Президенттің Алғыс хатын табыстады. – Бұл марапат – оның ел дамуына, өңірдің өркендеуіне, ұлтаралық келісім мен достықты нығайтуға қосқан көп жылғы жемісті еңбегіне жоғары баға. Қазақстан халқы Ассамблеясындағы және білім беру саласындағы қызметі – Отанға адалдық пен патриотизмнің жарқын үлгісі, – деді өңір басшысы Ғауез …

ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ Read More »

БІРЛІК АЛЛЕЯСЫ

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Петропавлдағы Орталық саябақта Бірлік аллеясы ашылды. Аллеяның ашылуына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және өңіріміздің құрметті азаматтары мен студенттер қатысып, 100 түп көшет отырғызды. – Халқымыз үшін бірлік ұғымының мағынасы терең. Бұл мереке елімізде тұрып жатқан этностардың басын бір арнаға тоғыстырып, ортақ …

БІРЛІК АЛЛЕЯСЫ Read More »

ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕГЕН КӘСІПОРЫНДАР

Премьер-Министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болып, өңірдің негізгі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандарымен танысты. Елордалық мейман алдымен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге «Петропавл электротехникалық зауытына» барды. Зауыт осыдан 4 жыл бұрын жұмысын бастап, осы уақыт ішінде 10 мың трансформатор өндірген. Биылғы жоспар – 8 мың дана. Қазіргі уақытта кәсіпорында 200 адам еңбек …

ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕГЕН КӘСІПОРЫНДАР Read More »

ТАСҚЫНМЕН ТЫНЫМСЫЗ КҮРЕСКЕН  ӘСКЕРИЛЕР ҮЙЛЕРІНЕ ОРАЛДЫ

Облысымызға су тасқынының алдын алу үшін еліміздің әр өңірінен 800-ге жуық маман келген болатын. Олар бір айға жуық уақыт бойы елді мекендерді тілсіз жаудан қорғап, жергілікті мамандарға көмек көрсетті. Өткен аптада өзге өңірлерден көмекке келген құтқарушылар мен әскерилер үйлеріне аттанды. Петропавлдықтар оларды салтанатты түрде шығарып салды. – Сіздердің барлықтарыңыздың қандай қиын жағдайда еңбек еткендеріңізді көрдім. …

ТАСҚЫНМЕН ТЫНЫМСЫЗ КҮРЕСКЕН  ӘСКЕРИЛЕР ҮЙЛЕРІНЕ ОРАЛДЫ Read More »

ЕҢБЕК МАЙДАНЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ

Облыстық әкімдікте өткен салтанатты жиында өңір басшысы тыл ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, марапаттар табыстады. Жиынды ашқан Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандықтардың тылда жан аямай еңбек етіп, жеңіске елеулі үлес қосқанын атап өтті. «Біз бүгінгі кездесуді Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырып отырмыз. Бұл – әрқайсымыз үшін аса маңызды әрі қасиетті күн. Аға буынның арқасында жеңіске қол жеткіздік. Үлкендердің …

ЕҢБЕК МАЙДАНЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ Read More »