«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 13.05.2025

МӘҢГІЛІК САҒЫНЫШЫМ

Есіл ауданының Бірлік ауылы – аталарымыздың жарық дүние есігін ашып, еңбек етіп, өсіп-өніп, ұрпақ тәрбиелеп, мәңгілік сапарға аттанған қасиетті мекені. Ардақты атамыз Қабдірашит пен аяулы әжеміз Қайнижамалдың ыстық құшағында ерекше мейірім мен сүйіспеншілікке бөленіп, алақандарының жылуы арқылы алған тәлім-тәрбиені бойымызға молынан дарытып өскен біз – бақытты ұрпақпыз. Алғашқы немерелері болғандықтан шығар, біз ата-әжеміздің көзқуанышы едік, …

МӘҢГІЛІК САҒЫНЫШЫМ Read More »

ТАМЫР ҰСТАП, КЕСЕЛДІ АНЫҚТАУ

Көпшілік тамыр ұстап диагноз қою дегенді бақсылық деп ойлайды. Сенімсіздікпен қарап, күмәнданып жататындар да баршылық. Дәстүрлі қазақ медицинасында тамыр ұстап диагноз қою – ежелден келе жатқан әдістің бірі. Оған XV ғасырда ғұмыр кешкен, көрнекті ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі дәлел. Осыдан 5 ғасырдан астам уақыт бұрын жазылған ғылыми шығармада дәл осы тамыр ұстап, …

ТАМЫР ҰСТАП, КЕСЕЛДІ АНЫҚТАУ Read More »

ҚАЗАҚШАҒА СУДАЙ

Есіл ауданындағы Асқар Игібаев атындағы орта мектепте 30 жылдан астам уақыттан бері ұстаздық етіп келе жатқан Галина Балажентис қазақ тілін білуді – әр қазақстандықтың парызы деп түсінеді. Анасы – поляк, әкесі – литвалық Галина Балажентис Тимирязев ауданындағы Ақжан ауылында дүниеге келген. Бүгінде ол оқушыларға орыс тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінен сабақ береді. Галинаның қазақ …

ҚАЗАҚШАҒА СУДАЙ Read More »

«ШАҢЫРАҚТАҒЫ» ШУАҚ

Оқушылар сарайындағы «Шаңырақ» этностудиясында өткен шарада қазақтың алтын қорына енген әндер шырқалды. Іс-шараға жастар мен аға буын өкілдері қатысты. Олар Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов сынды өнер майталмандарының әндерін ерекше тебіреніспен орындады. «Ескі әндерді еске алып, көңіліміз көтеріліп қалды. Біз тілімізді, дінімізді, ұлттық құндылықтарымызды осындай мерейлі шаралар арқылы насихаттай аламыз», – деді кешке қатысқан …

«ШАҢЫРАҚТАҒЫ» ШУАҚ Read More »

«АЛАШ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Алматыда өткен Қазақстан Жазушылар одағының қорытынды жиынында бірқатар қаламгерлерге шығармашылық ұйымның марапаттары табысталды. Бұл кеште ондаған ақын-жазушы «Қазақстанның құрметті жазушысы» атағын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иеленді. Көпжылдық еңбегі жоғары бағаланғандардың қатарында Айыртау ауданының тумасы, ақын Есенгелді Сүйінов те бар. Өмірінің ұзақ жылын шығармашылыққа арнаған ақын 1958 жылы Айыртау ауданындағы Мәдениет (қазіргі Қарасай батыр) ауылында дүниеге …

«АЛАШ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ Read More »

ӨҢІРДІҢ ҮЗДІК БАЛУАНДАРЫ

Петропавл қаласында қазақ күресінен «Қызылжар барысы» облыстық турнирі өтті. Бозкілемде өңірдің үздік балуандары белдесті. Бұл жарысқа барлығы 93 спортшы қатысты. 66 балуан салмақ дәрежелері бойынша сынға түссе, 27 жігіт «түйе балуан» атағына таласты. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тимирязев ауданының балуаны Досжан Сапарғали жеңімпаз атанды. 60 келіде Ақжардың өкілі Ғабдолла Ағжанға қарсылас шақ келмеді. 66 …

ӨҢІРДІҢ ҮЗДІК БАЛУАНДАРЫ Read More »

РӨЛДЕ ҰЙЫҚТАУ ӨЛІМГЕ ӘКЕЛЕДІ

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел медициналық көмек орталығының фельдшерлерімен бірлесіп «Рөлде ұйықтау» акциясын өткізуде. Жыл басынан облыс жолдарында 143 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 7 адам қаза тауып, 200-і жарақат алды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қайғылы жағдайға жол бермес үшін полицейлер бірқатар алдын алу шараларын …

РӨЛДЕ ҰЙЫҚТАУ ӨЛІМГЕ ӘКЕЛЕДІ Read More »

«АҚЫРЗАМАНҒА» 89 СЕКУНД ҚАЛДЫ немесе экомәдениетті қалай қалыптастырамыз?

Бүгінде дүниежүзі ауқымды экологиялық дағдарыстың алдында тұр. Құнарлы жерлердің жөн-жосықсыз игерілуі, өндіріс орындарынан шығатын қалдықтың артуы, қоқыс өңдеудің кенжелеп қалуы әлемдік экожүйеге кері әсерін тигізіп, ортақ үйіміздің ертеңіне қауіп төндіруде. Экомәдениет ұғымы өткен ғасырдың 70-ші жылдары пайда болды. Ол – адамның табиғатқа қамқор болып, қоршаған ортамен үндестікте өмір сүруін көздейтін ағым. Бұл термин мағынасы жағынан …

«АҚЫРЗАМАНҒА» 89 СЕКУНД ҚАЛДЫ немесе экомәдениетті қалай қалыптастырамыз? Read More »

ЖЕДЕЛ ШЕШУГЕ МІНДЕТТІ

Мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру мақсатында жер ресурстарын басқару саласындағы заңнамаға елеулі өзгерістер енгізіліп, толықтырылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитеті облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің жер қатынастары саласындағы басты міндеті – жерді пайдалану мен қорғауға ұтымды және тиімді бақылау, жер заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарды анықтау және жоюға бағытталған шараларды өз құзыреті шегінде …

ЖЕДЕЛ ШЕШУГЕ МІНДЕТТІ Read More »

ӨҢІР ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ӨНІМДІ ІСТЕР

Өңірде биыл 215 шақырымға жуық республикалық жолды жаңарту жоспарланған. Оның ішінде Жезқазған-Петропавл тас жолы да бар. Облыстық әкімдіктің мәліметінше, қазір Жезқазған-Петропавл трассасының Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарындағы бөліктерінде жұмыс жүріп жатыр. Жоба бойынша бұл жолға жаңадан асфальт төселеді. Тоғыз су өткізгіш құбырды жөндеу, төрт автопавильон орнату, жол белгілері мен тосқауыл қоршауларды монтаждау көзделген. Жезқазған-Петропавл …

ӨҢІР ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ӨНІМДІ ІСТЕР Read More »

БІЛІМГЕ САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Өңірде білім беру инфрақұрылымын жаңғырту және қолжетімді ету үшін кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Биыл облыста 4,5 млрд. теңгеге 40 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтпек. Оның ішінде 30 мектеп, 2 балабақша және 4 колледж бар. Сонымен қатар 1,9 млрд. теңгеге 41 білім беру нысанында ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Оның ішінде 3 балабақша, 19 мектеп, 3 жазғы …

БІЛІМГЕ САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ Read More »

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

Облыс орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай эвакуациялық госпитальдарда қайтыс болған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері, интернационалист жауынгерлер, «AMANAT» партиясының белсенділері, жастар мен студенттер қатысты. Шарада облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев те сөз сөйлеп, ардагерлерге және салтанатты іс-шараға қатысқан азаматтарға ризашылығын білдірді. …

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ Read More »

СТАДИОН ЕУРОПАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ

Петропавлдың басты спорттық аренасы премьер-лига ойындарын қабылдауға дайын. «Қарасай» стадионы екі жарым жыл жөндеуден кейін қайта ашылды. Спорттық нысанды жаңғыртуға 1,3 млрд. теңге жұмсалды. Мердігер компания құрылыс материалдарын Германия мен Италиядан тапсырыспен жеткізген. Жаңартылған стадион еурокубок матчтарын өткізуге мүмкіндік бермек. Стадионда енді жасанды алаң, жылыту және автоматты суару жүйесі, жарықтандыру, электронды табло, жайлы трибуналар мен …

СТАДИОН ЕУРОПАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ Read More »

«МАҒЖАН ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛАДЫ

Күн өткен сайын гүлденіп келе жатқан Петропавл қаласын абаттандыру бойынша бірнеше маңызды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруды көздейді. Былтырғы су тасқынынан қатты зардап шеккен Ойқала шағынауданы мен Былғары зауыты кентінде 74 шағын бақ салынып жатыр. — Жобаға барлық аудандар мен қалалық ұйымдар қатысуда. Шағын бақ аумақтарына 2 мың ағаш, түрлі архитектуралық …

«МАҒЖАН ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛАДЫ Read More »

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру міндетін қойды. Ондағы мақсат – апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқитын мектеп проблемасын шешуге көмектесу. Мемлекет басшысы өз сөзінде орта білімнің сапасын табысты ұлт болудың маңызды бір шарты ретінде бағалап: «Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін …

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ Read More »

ЕРЛЕРДІ ЕЛ ДЕ ҰМЫТПАС…

Бұл күні Қызылжар аспаны адамзат тарихындағы ең қасіретті жылдардың бірі – Ұлы Отан соғысында қан кешіп, елін қорғап опат болған ерлерді жоқтағандай жасын төгіп тұрды. Жеңіс күні облыс орталығындағы Мәңгілік алаудың маңына жиналған жұртшылықтың жүзінен қайғымен қатар қуаныштың да белгісі байқалады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастап келген тыл ардагерлері, әскерилер мен қала тұрғындары Мәңгілік алауға …

ЕРЛЕРДІ ЕЛ ДЕ ҰМЫТПАС… Read More »