АУЛА СЫПЫРУШЫНЫ ЕМЕС, ӨЗ АЙЛЫҒЫН ҚЫСҚАРТСЫН
Облыстық «Soltustik Qazaqstan» газетінің 12 наурыздағы санында «Газет-журнал неге кешігіп жетеді?» деген тақырыппен жарық көрген сын мақалада жергілікті пошта жүйесінде қалыптасқан бірқатар түйткілдер қозғалған екен. Бәлкім, жағдай «Қазпошта» АҚ төрайымы Әсел Жанасова сипаттағандай жақсы шығар. Ал өңірлер мен ауылдар «шықпа жаным шықпаның» күйін кешіп отыр десем, артық айтқандық емес. Мен – кіндігім кесілгеннен ауылда ғұмыр …