«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.05.2025

МАҚСАТТЫ ІСТЕР

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапарымен барып, көктемгі егіс науқанының барысымен және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жобалардың жүзеге асуымен танысты. Ауданда егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Сапар барысында аймақ басшысы «Нұрсен Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқаптарына барып, жергілікті диқандармен кездесті. Қазір облыста көктемгі дала жұмыстары қызған шақ. Бұл – ауыл шаруашылығы саласындағы жүйелі …

МАҚСАТТЫ ІСТЕР Read More »

ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА

Ұлт қайраткері, қаламгер Смағұл Сәдуақасұлының 125 жылдық мерейтойына орай елордада «1925 жыл: ұлт мұраты шыңдаған қайраткерлік» атты халықаралық конференция өтті. Шараға қатысушылар алдымен Астанада жерленген жалғыз Алаш қайраткерінің бейітіне барып, рухына тағзым етті. Бабалар қорымында Смағұл Сәдуақасұлы мен ұлт-азаттық қозғалыс жолында мерт болған Кенесары жасақтарына құран бағышталып, ескерткіш маңына тал егілді. Еуразия ұлттық университетінде өткен …

ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ТҰҒЫРЛЫ ТҰЛҒА Read More »

АЛТЫ АУДАНДА СУҒА ТҮСЕТІН ОРЫН ЖОҚ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Биылғы жылдың алғашқы төрт айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары айтылып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және шомылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Өткен төрт айда өңір экономикасы 6,2 пайызға өскен. Сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тұрғын үй және байланыс салаларында өсім бар. Әсіресе, құрылыс саласының нәтижелігі …

АЛТЫ АУДАНДА СУҒА ТҮСЕТІН ОРЫН ЖОҚ Read More »

ОҚУШЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗ БОЛУҒА ТИІС

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылының аяқталуы мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Тиісті министрлік басшылары дайындық шаралары туралы есеп берді. Биылғы оқу жылын 3,9 млн. оқушы аяқтағалы отыр. Бастауыш сыныпты – 391 мың, негізгі мектепті 364 мың бала тәмамдайды. Мектеп бітірушілер саны – 217 мың. Алтын белгіге үміткер саны 5%-ды …

ОҚУШЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗ БОЛУҒА ТИІС Read More »

БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР

Елімізде атқарылып жатқан ауқымды реформалық өзгерістер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуін, азаматтық қоғам институттарын ортақ мақсат жолында біріктіру талабын қойып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Ұлттық құрылтай қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиістігін айтқан болатын. Билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі Қоғамдық кеңестердің бәрін өз …

БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР Read More »

ЖАСТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА

Облыс орталығында «Қызылжар жастары» тұрғын-үй бағдарламасының іске қосылуына орай баспасөз мәслихаты өтіп, бағдарлама талаптары түсіндірілді. Шараға қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов өңірде жастарға бағытталған жалпы құны 123 млн. теңге болатын 19 жоба жүзеге асырылатынын айтты. – «Қызылжар жастары» бағдарламасы өңір дамуына үлес қосып жүрген жастарды баспанамен қамтуға бағытталған. Өңірімізде бұрын-соңды болмаған …

ЖАСТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА Read More »

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Президент 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында су секторын реформалау бойынша бірқатар міндеттер қойған болатын. Оның ішінде су ресурстарын, трансшекаралық су көздерін ұтымды пайдалану, су қоймаларын жаңғырту, жаңа нысандар тұрғызу, озық технолоияларды енгізу, еріген қар суын жинақтау, цифрландыру және саланы білікті кадрмен күшейту жайына айрықша басымдық берілді. Мұның өзі елімізді сумен …

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР Read More »

МӘДЕНИЕТТІ МӘУЕЛЕТІП, ӨНЕРДІ ӨРІСТЕТКЕНДЕР

Қандай ұлт болсын өркениет биігіне өзінің сан ғасырлық мәдени қазынасына сүйеніп қана жете алмақ. Ал сол рухани мұрамыздың өміршең болып, ұзақ жасауы – бабалар аманатын арқалаған өнерпаздар мен мәдениет саласы қызметкерлерінің міндеті. Мамырдың мамыражай уағында аталып өтетін кәсіби мерекеде сала қызметкерлері құрметке бөленіп, құшағы гүлге толады. Биыл да Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай үздіктер …

МӘДЕНИЕТТІ МӘУЕЛЕТІП, ӨНЕРДІ ӨРІСТЕТКЕНДЕР Read More »