АҚША БОПСАЛАҒАН БЛОГЕРЛЕР СОТТАЛДЫ
Петропавлда «Magnum» және «Семейный» сауда желілерін бопсалаған екеу алдағы жеті жылын түзету мекемесінде өткізеді. Облыстық прокуратураның мәліметінше, айыптау үкiмi алқабилердің қатысуымен шығарылды. Петропавл қалалық сотының үкімі заңды күшіне енді. Облыс орталығының екі тұрғыны «рейд» деп аталатын бейнетүсірілімдерді әлеуметтік желілерде жариялап, сауда желілерінің иелерінен ақша бопсалады деп айыпталды. Олар ұялы телефондарға меншік иелерінің мүдделеріне зиян келтіру …