«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.06.2025

Ұмытылмас сәттер

Дүниеде баланың күлгенінен асқан әсерлі көрініс жоқ шығар. Бүлдіршіннің пәк жүрегінен шыққан шын қуанышы кімнің болсын жанын тебірентіп, көңілін жібітетіні анық. Өмірдің бақытқа толы осындай қас-қағым сәттері ата-аналардың ең тәтті естелігіне айналып, таспаға түсіп жатады. Облыстық «Soltüstık Qazaqstan» газеті 105 жылдық мерейтойы аясында бүлдіршіндердің алаңсыз балалық шағының бір мезеті бейнеленген суреттер байқауын жариялады. Енді ғана …

Ұмытылмас сәттер Read More »

Өмірден алған сабағым

Жастық шақта дос та көп, таныс та көп. Күн сайын қанша адаммен кездесіп, қаншасымен сөйлесесің. Сол жандардың бәрі өмір бойы сенің қасыңнан табылардай көрінеді. Алайда уақыт деген сүзгі бәрін де өзі іріктеп, жылдар өткен сайын қасыңда тек шын жақын адамдар ғана қалады екен. Бейбіт БАҚТИЯР, 51 жаста. Біз тай-құлындай тебісіп өскен он шақты бала едік. …

Өмірден алған сабағым Read More »

ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Облыста «Sincere Systems Group» атты қаржылық пирамида қызметінің жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті хабарлады. Аталған ұйым 2022-2023 жылдар аралығында облыс аумағында заңсыз әрекет еткен. Қазіргі таңда «Sincere Systems Group» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің құрылуы мен басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында компанияның Қазақстанда тіркелмегені, кәсіпкерлік және банк …

ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА ӘШКЕРЕЛЕНДІ Read More »

АЗАПТЫ ЖЫЛДАР ЕСКЕРТКІШІ

Өңірде ұлт тарихын түгендеуде маңызы бар бір шара өтті. Тимирязев ауданындағы Жарқын ауылынан үш шақырымдай жерде ескерткіш тас орнатылды. Бұл маңда 1929-1934 жылдары «Байқала» уақытша шоғырландыру лагері болған. Осыған дейін «АЛЖИР», «Карлаг» сынды жазалау лагерьлерінің қасіретін естіп келсек, енді мәлім болып жатқан «Байқаланың» да тартқызған азабы аз емес екен. Тарихтан тағылым берер шараның басы-қасында болған …

АЗАПТЫ ЖЫЛДАР ЕСКЕРТКІШІ Read More »

МЕХАНИЗАТОР ТАПШЫ

Облыстық еңбек мобильділігі орталығы өткен жылы 20 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған. Оның он мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасыпты. Ал биыл 5 мыңнан астам адам екі қолға бір күрек тапса, соның ішінде 3300-ге жуығы тұрақты жұмыс істеп жүр. Еңбек мобильділігі орталығы қызметкерлерінің айтуынша, өңірде дәрігерлер, мұғалімдер және жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие. Әсіресе дәнекерлеуші, электрик, механизаторлар …

МЕХАНИЗАТОР ТАПШЫ Read More »

АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ

Облыс орталығында өңір кәсіпкерлері мен сот жүйесі өкілдерінің маңызды кездесуі өтті. Жиында кәсіпкерлер палатасының өкілдері облыстық соттың төрағасы Серікжан Габдулинмен кездесіп, алдағы ынтымақтастық туралы сөйлесті. Мақсат – бизнесті құқықтық жағынан қорғауды күшейту және сотпен өзара жұмысты жақсарту. Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев жаңа төрағаны қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның тәжірибесі мен кәсібилігі өңірдегі сот жүйесінің …

АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ Read More »

МЫҚТЫ МӘСЛИХАТ – ЕЛ ТІРЕГІ

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани өркендеу жолына үлес қосып келе жатқан аудандық мәслихаттар Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президенттің стратегиялық даму бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жұмыс істеуді мақсат етеді. Мәслихаттың сегізінші шақырылымына әр округтен сайланған 10 депутат бүгінгі күнде өздеріне жүктелген қоғамдық қызметтерін талапқа сай атқарып келеді. Депутаттар құрамы осы шақырылымда сапалық жағынан біршама жаңарды. Мәслихат өз өкілеттілігін …

МЫҚТЫ МӘСЛИХАТ – ЕЛ ТІРЕГІ Read More »

ЗАУЫТТАҒЫ ТӘЛІМГЕРЛЕР

«С.Киров атындағы зауыт» АҚ-ның бірнеше қызметкері облыстық кәсіпкерлер палатасында арнайы білім алып, сертификатталған тәлімгер атанды. Бұл кәсіпорын өңір колледждерімен дуалды оқыту бойынша бұрыннан тығыз әрі нәтижелі ынтымақтастық орнатып келеді. Кадрлар даярлау сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында зауыт 11 маманын кәсіпкерлер палатасының тәлімгерлік мектебіне жіберді. Болашақ тәлімгерлерге палатаның адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы, мультипликатор Ирина Торопова …

ЗАУЫТТАҒЫ ТӘЛІМГЕРЛЕР Read More »

ИГІ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен жүздесті. Кездесуде солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қор денсаулық сақтау, білім беру, спорт және әлеуметтік қолдау салаларындағы басым міндеттерді шешуде айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Жуырда онкологиялық орталықта облыстағы алғашқы желілік үдеткіш іске қосылды. Балалар ауруханасында оңалту …

ИГІ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ Read More »

ШЕГІРТКЕ ШЕКАРА ТАЛҒАМАЙДЫ

Соңғы жылдары шегіртке аграрлық сектор үшін күрделі экологиялық-экономикалық проблемаға айналып отыр. Әсіресе батыс пен оңтүстік өңірлерде зиянкестер жыл сайын егіс алқаптарын зақымдап, ауыл шаруашылығына елеулі шығын келтіруде. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы шегірткелердің таралу алаңы 514 мың гектарды құраған болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 626 мың гектарға, ал 2022 жылы 975 мың гектарға …

ШЕГІРТКЕ ШЕКАРА ТАЛҒАМАЙДЫ Read More »

КЕН ӨНДІРІСІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢ

Елордада тау-кен конгресі өтуде. Еліміздің кен өндірісі саласындағы ең елеулі оқиғаға дүниежүзінің үздік 2 мыңнан астам кәсіпорнының өкілдері қатысуда. Іс-шара аясында меймандар іскерлік сессиялар мен талқылауларға қатысып, ірі компаниялардың тәжірибесін меңгеруде. Бұған қоса, барлау, кен өндіру, өңдеу қондырғыларының көрмесі де ұйымдастырылған. Шараға Солтүстік Қазақстан облысы аумағында кен өндірумен айналысуға ниетті компаниялар да қатысуда. Атап айтқанда, …

КЕН ӨНДІРІСІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢ Read More »

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

Аққайың ауданына жасаған сапары барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов балалар лагерьлерінің жағдайымен танысты. Өңір басшысына демалыс орындарының дайындығы туралы баяндаған облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов тиісті жұмыстардың уақытылы аяқталғанын айтты. – Балаларға 10 лагерь әзірленіп, оларға 128 бейнебақылау камерасы қойылды. Бақылау құрылғыларының дұрыс жұмыс істеп тұрғаны тексеріліп, олқылықтардың орны толтырылды. Қазіргі уақытта екі нысан жұмысын …

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ Read More »