«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.06.2025

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС

Өңірде «Бір күн қалада» жаз­ғы жобасы жүзеге асырылып жа­тыр. Бұл – ауылдық жерлерден келген балаларға демалысты қы­зықты өткізумен қатар, өздерінің таным көкжиегін кеңейтіп, ден­саулықтарын нығайтып, туған өлкенің тарихы және мәдениеті­мен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. «Бір күн қалада» жобасы Мамлют және Қызылжар аудан­дарынан келген шамамен 90-ға жуық баланы біріктірді. Балалар мұражайларға, аттракциондар саябағына және кинотеатрға барды. …

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС Read More »

«САЛАДАН ҚҰСЫМ САЛДЫМ ТАУ ҚИЯЛАП»

Қазақ өнерінің тарихында өлең-жырдың кеніндей болған тұлғалар­дың бірі – Құлтума Өтемісұлы. Өкінішке қарай, заманында атағы алты Алашқа жайылған ақынның көп мұрасы бүгінгі күнге жеткен жоқ. Ал елге белгілі әндері осы күні көп айтыла бермейді. Сарыарқаның сайын даласында туған Құлтума осы маңдағы елді түгел аралап, кешегі Біржан мектебінің ізбасары саналған. Оның «Құл­туманың әні» атты туындысы қызылжарлық …

«САЛАДАН ҚҰСЫМ САЛДЫМ ТАУ ҚИЯЛАП» Read More »

БЕДЕУЛІК БЕЛЕҢ АЛДЫ

Айнұр мен Саматтың отасқандарына бірнеше жыл болды. Араларында бала жоқ. Ағайын-туыстың: «Дәрігерге қаралдыңдар ма? Уақыт оздырып алмаңдар!» деген сөзіне екеуі де ақылдасып алғандай: «Жоқ. Қаралмадық. Әлі жаспыз ғой. Сәби сүюді жұмысымызды бір жөнге келтіріп алған соң жоспарлаймыз», – деп жауап береді. Шын мәнінде ерлі- зайыптының баспаған тауы, тоздырмаған табалдырығы қалмаған. Ақхалаттылар да, емшілер де денсаулықтарыңда …

БЕДЕУЛІК БЕЛЕҢ АЛДЫ Read More »

«ГАЗЕТ СОҢҒЫ ОҚЫРМАНЫ ҚАЛҒАНША ШЫҒА БЕРЕДІ»

«Қазақ газеттері» медиахолдингінің бас директоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Дихан Қамзабекұлымен жуырда Петропавлда өткен Смағұл Сәдуақасұлының 125 жылдығына арналған конференцияда жолығып, аз-кем әңгімелесудің сәті түсті. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңындағы сұхбатымыз ұлттық басылымдардың кешегісі мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы болды. Сәті түскен сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз. – Алаш қайраткерлері жайлы айтқанда сол кезде шыққан га­зет-журналдарға …

«ГАЗЕТ СОҢҒЫ ОҚЫРМАНЫ ҚАЛҒАНША ШЫҒА БЕРЕДІ» Read More »

«ГУЛЕГЕН» ГҮЛ САУДАСЫ

Былтыр қазақстандықтардың гүлге деген сұранысы бір жарым есеге артқан. Қажеттілікті өтеу үшін елімізге шетелден құны 93 млн. доллар болатын 12 мың тонна гүл шоқтары жеткізілген. Қазақстанға гүл жеткізуші­лердің көшін Эквадор бастап тұр. Импорттық өнімнің 6,4 мың тоннасы осы елден әкелінген. Ал қызғалдағымен әлемге та­нылған Нидерландыдан 2,3 мың тонна өсімдік сатып алыппыз. Көршілес Қытайдан 1,1 мың …

«ГУЛЕГЕН» ГҮЛ САУДАСЫ Read More »

СУЛЫҚТЫҢ САПАЛЫСЫ ҚАЙСЫ?

Мейрамханаға келген мейманның даяшыға деген хабарламасын және телефон нөмірін үстел үстіндегі қол сүртетін бір жапырақ қағазға жазып кеткен фильм үзінділерін сіз де көрген шығарсыз. Алайда күнделікті көпшілік қолданып жүрген сулықтардың көбі жазу жазуға жарай бермейді. Дүкенде қолға алсаңыз қураған жапырақтай қырық бөлінетін жұқасы да, матадан тігілгендей қалыңы да бар. Бұлардың қайсысын таңдаған жөн? Дәстүрлі айдарымыздың …

СУЛЫҚТЫҢ САПАЛЫСЫ ҚАЙСЫ? Read More »

ҚОС ӘКІМНІҢ ТӘРТІБІ ҚАРАЛДЫ

Әдеп жөніндегі кеңестің ке­зекті отырысында бірқатар мәсе­лелер қаралды. Соның бірі – Ақ­жар ауданының Кішіқараой ауыл­дық округінің әкімі Ботагөз Саби­роваға қатысты тәртіптік іс. Белгілі болғандай, ол жергілікті әкімдік қабырғасында сауда-саттық жүргізген пошташының ісіне көз жұма қараған. Осы салғырттығы үшін оған «қызметке сәйкес еместігі ту­ралы ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Сондай-ақ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов …

ҚОС ӘКІМНІҢ ТӘРТІБІ ҚАРАЛДЫ Read More »

«ЖЫЛ САЙЫН СУ БАСАТЫН ЖЕРДЕ ТҰРУ МҮМКІН ЕМЕС»

Марат Ысқақов – Петропавл қалалық мәслихатының №1 сайлау округі бо­йынша депутаты, бюджет, қаржы, экономи­ка салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төраға­сы. Облыстық кәсіпкерлер палатасы төраға­сының орынбасары, «AMANAT» партиясы­ның мүшесі. Не үшін депутат болдым? Мен кәсіпкерлікті қолдау саласында көп жыл еңбек еттім. Осы бағыттағы салалық басқарманың басшысы бол­дым. Қазір облыстық кәсіп­керлер палатасында қызмет атқарып жүрмін. …

«ЖЫЛ САЙЫН СУ БАСАТЫН ЖЕРДЕ ТҰРУ МҮМКІН ЕМЕС» Read More »