«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.07.2025

БАЛУАННЫҢ ЖЕҢІСІ – БАПКЕР ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ

Қазақ күресі – ешқандай да күрес түріне ұқсамайтын төл спортымыз. Зерттеулер қазіргі самбо, дзюдо, еркін күрестегі негізгі айла-тәсілдер қазақ күрес өнерінен алынғанын дәлелдеуде. Ұлттық күрес Балуан Шолақ белдескен, Қажымұқанның табаны тиген Қызылжарда да өркендеп келеді. Боз кілемде атой салған балуандарымыздың артында білікті бапкерлер тұрғанымен, олар көбіне жеңімпаздың көлеңкесінде қалып жатады. Қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы …

БАЛУАННЫҢ ЖЕҢІСІ – БАПКЕР ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ Read More »

Жанат АЙТБАЕВ: «ДОМБЫРА ҮНІ РУХТАНДЫРАДЫ»

– Жанат Хамитұлы, Қызыл­жар өңіріне келгеніңізге ширек ғасырға жуық уақыт өтіпті. Соң­ғы кезде қазақтың ұлттық өнерін дамытуға көңіл бөлініп жатыр. Мәселен, күні ертең аталып өтетін ұлттық домбыра күні – осы сөзіміздің айғағы. «Руха­ният қоғамды тәрбиелейді» деп жатамыз. Олай болса, қазағы­нан қонағы басым өңірдің дом­быраға, дәстүрлі әнге деген көз­қарасы қалай өзгерді? – Бұрын мектептерге ба­рып, концерт …

Жанат АЙТБАЕВ: «ДОМБЫРА ҮНІ РУХТАНДЫРАДЫ» Read More »

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЗАУЫТ

Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Ол – жарма және түрлі дән өнімдерін өндіретін жоғары технологиялық зауыт. Жобаны «Қазақстан бида­йы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жобаның жалпы құны 3 миллиард теңгеден асады. Ал қажетті инфрақұры­лымды тарту үшін облыстық бюджеттен 291 миллион теңге бөлін­ген. Зауыт құрылысы 2024 …

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЗАУЫТ Read More »

АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап еліміз тарихи дамудың жаңа кезеңіне өтті. Егемен Қазақстанның алдында жаңа асулар тұрды. Әлемдік аренада ұлт бо­лып қалу үшін атқарылар жұмыс көп еді. Соның бірі – алты алашқа алтын тұғыр болатын жаңа астананың орнын айқындау. Бұл мәселе тоқсаныншы жылдардың басында көтеріле бастады. Ал 1994 жылдың 6 шілдесінде Жоғарғы Кеңес елорданы ауыстыру туралы …

АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН Read More »

ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ ӘРІПТЕСТІК

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайлық «Beijing Guancheng Shenghua Investment» компаниясының басқарма төрағасы Ма Юнхумен жүздесті. Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру әлеуеті талқыланды. Аталған корпорация өнеркәсіптік және тұрғын үй нысанда­рын салу, сондай-ақ ауыл шаруа­шылығын дамыту саласына ма­манданған. Инвестор облыста элеватор мен құрамажем зауытын салуға қызығушылық білдірді. Өңірде «Qyzyljar» арнайы эко­номикалық аймағын кеңейту …

ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ ӘРІПТЕСТІК Read More »

ҚЫСТЫҢ  ҚАМЫ ҚАЗІРДЕН

Өңірде жаздың бірінші айы ерекше ылғалды болды. Маусымда орташа есеппен 49,2 миллиметр жауын-шашын түсті. Бұл топырақтың ылғалдылығын арттырып, шөптің жайқала өсуіне септігін тигізді. Биыл облыста 392 мың гектар алқапқа мал азығы егілген.  Бұл былтырғы жылға қарағанда 37,9 мың гектарға көп. Оның ішін­де 109,5 мың гектары – біржылдық, 9,6 гектарға көпжылдық шөп және 30 мың гектардан …

ҚЫСТЫҢ  ҚАМЫ ҚАЗІРДЕН Read More »

СОРҒЫ СТАНСАСЫ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

 Облыс орталығында жұмыс істеп тұрған бірінші көтергіш сорғы стансасы 1974 жылы пайдалануға берілген болатын. Былтырғы су тасқыны кезінде қуат беретін электр желісінің бағандары құлап, аталмыш нысан қатты зақымданған. Салдарынан баламалы резервтік станса арқылы тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуге тура келген. Үкімет тарапынан қалпына келтіру туралы шешім қабылданып, осыған орай жобалық-сметалық құжаттар әзірленді, «RAZ Mineral Demeu» корпоративтік …

СОРҒЫ СТАНСАСЫ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ Read More »