«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.07.2025

ҚЫЗЫЛЖАР ТӨРІНДЕГІ ДУМАН

Облыс орталығында қала күніне орайластырылған бір­қатар шаралар өтті. Соның бірі –«Ауылдың үздік мәде­ниет мекемесі – 2025» облыс­тық көркемөнерпаздар бай­қауының гала-концерті. Ауыл­дағы өнерпаздарды қолдау, демеу елді мекендерді дамы­туға қосқан зор үлес. Осыны мақсат тұтқан байқауға об­лыстың түкпір-түкпірінен келген үздік ауылдық өнер ұжымдары қатысып, вокал, хореография және аспаптық орындаушылық бойынша өз шеберліктерін көрсетті, жеңімпаздар анықталды. Байқау қорытындысы …

ҚЫЗЫЛЖАР ТӨРІНДЕГІ ДУМАН Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМНІҢ САПАСЫ ЖОҒАРЫ

Облыс орталығында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жыл сайынғы көрме өтті. Биыл байқауға өңірімізден 32 кәсіпкер қатысқан. Кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен бас­талған жоба осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жоба жергілікті шикізатты өңдеуді дамыту, бәсекеге қабі­летті өңірлік брендтерді қалыптастыру үшін қажет. Көрмені об­лыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те аралап көріп, жергілікті өнім­нен дәм татты. …

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМНІҢ САПАСЫ ЖОҒАРЫ Read More »

МӘРТЕБЕСІ ҚАЛА БОЛҒАНЫМЕН, МӘСЕЛЕСІ ШАШ-ЕТЕКТЕН

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша елімізде аудандық маңызы бар 48 шағын қала есепке алынған, бірақ олардың үштен бірі бұл өлшемге сәйкес келмейді. Өйткені мұндай мәртебеге ие болудың басты шарты – халық санының 10 мыңнан кем болмауы және де тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейі белгілі сапалық талаптарға жауап беруі тиіс. Өңірімізде …

МӘРТЕБЕСІ ҚАЛА БОЛҒАНЫМЕН, МӘСЕЛЕСІ ШАШ-ЕТЕКТЕН Read More »

ТАЙЫНШАЛЫҚТАР ОҚ БОЙЫ ОЗЫҚ

Тайынша қаласында өткен 45-ші облыстық жазғы «Ақбидай» спарта­киадасы биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар­ға ерекше әсер сыйлады. Ашылу салтанатындағы театрландырыл­ған көріністер мен өнер ұжымда­рының концерттік бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шықты. Ашылу рәсіміне облыс басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, депутаттар, аудан әкімдері, ауылдықтар және спортшылар қатысты. «Ақбидай» – бұл жай ғана жарыс емес, достық пен бірліктің, отансүйгіштік пен жі­гердің …

ТАЙЫНШАЛЫҚТАР ОҚ БОЙЫ ОЗЫҚ Read More »

 БОТАЙ – АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІ

Петропавл қаласында бірегей археологиялық ескерткіш – «Ботайға» арналған монументалды өнер нысанының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа монумент Ботай мәдениетінің Қазақстан мен бүкіл адамзат тарихындағы маңыздылығын бейнелейді. Бұл монумент тарихи-мәдени мұраны есте қалдырумен қатар, жұртшылықтың туған өлке тарихына қызығушылығын арттыруға бағытталған. – Бүгін біз үшін тарихи маңызы зор айтулы күн. «Ботай» археологиялық ескерткішіне арналған монументалды өнер құрылысының …

 БОТАЙ – АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІ Read More »