СПОРТ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫ
Ақсақалдық жасқа жеткен әр адам артындағы өмір соқпағына қарайлап, өз-өзіне есеп беретіні анық. Сондайда бар өмірін бос алыс-жұлыс, пайдасыз іспен өткізгендер бармақ тістеп, қайран уақытты қайтарарға қайрат таппай қалады. Ал бойындағы рух-жігерін, жалынды жылдарын жақсы іске бағыттап, елінің игілігі үшін еңбек еткендер алдыңғы толқынның аманатын орындап, ұрпақтың ертеңі үшін титтей де болсын үлес қосқанына марқайып …