«ҚАЗАҚ ҮШІН ЖҮРЕК МАЙЫН ШАМ ҚЫЛҒАН»
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында «Өзбекәлі» спектаклі сахналанды. Алматылық актерлер ұсынған қойылым «Отбасы хрестоматиясы» жобасының авторы Санжар Керімбайдың «Мәдени майдан» кітабының желісі негізінде әзірленіпті. Өзбекәлі Жәнібеков – «қазақ үшін жүрек майын шам қылған» (С.Торайғыров) арыс. Ол қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде ұлтқа қызмет етудің үлкен үлгісін көрсетті. тоталитарлық жүйенің толып жатқан тосқауылдарына …