«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.11.2025

САУАТТЫ ЖАРНАМА – ТІЛГЕ АБЫРОЙ

Солтүстік Қазақстан облысында көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілу­де. Бұл бастамалар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарын орындауды мақсат етеді. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма­сы мемлекеттік және мемле­кеттік емес мекемелерге, кәсіпорындарға жарнамалар мен көр­некі ақпарат мәтіндерін келісу бойынша тегін әдістемелік кө­мек көрсетуде. Басқарманың жанынан …

САУАТТЫ ЖАРНАМА – ТІЛГЕ АБЫРОЙ Read More »

«ӨЛЕҢ-ЖЫРДЫҢ МЕН ДЕ АҒЫТТЫМ ТИЕГІН»

Қызылжар төрінде айтыс ақыны, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Жарқын Жұпарханның «Қы­зылжарым – қызырбағым» атты шығармашылық кеші өтті. Рухани шараға елімізге белгілі өнер майталмандары, ақын, әншілер, кеш иесінің өнердегі үзеңгілес жолдаста­ры қатысты. Жырға құмар жұрт Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының ғимаратын лық толтырып, ақынды құрмет-қошеметке бөледі. «О, Қызылжар, киелім, Мен өзіңді өле-өлгенше сүйемін. …

«ӨЛЕҢ-ЖЫРДЫҢ МЕН ДЕ АҒЫТТЫМ ТИЕГІН» Read More »

ҚАЙДА БАРА ЖАТЫРМЫЗ?

Шілде айының басында Қазақстан телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасы көрермендеріне шілденің 3-нен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Тоқты мен Серке» деп аталатын мультфильм көрсетілетінін, жасөспірімдер мен балаларға ата-аналарымен бірге барып тамашалауға болатынын жеткізді. Қуанып қалдым. Себебі балапандарымыздың көптеген жылдар бойы басқа тілдегі көңілге қонымсыз, шым-шытырық, шимай-шатпақ, мүсіндері ұсқынсыз, айғай-шуға толы мультфильмдерді көріп, өсіп келе жатқанына алаңдаушы едім. Бірден …

ҚАЙДА БАРА ЖАТЫРМЫЗ? Read More »

ЖАНҒА БАТҚАН ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫ

Көптен бері айтылып жүрсе де, ащы ішектей созылып, шешімін таппай келе жатқан «бас аурудың» бірі – жол. Елді мекендерді бір-бірімен байланыстырып, қыж-қыж қайнаған тынымсыз тіршілікке өшпес нәр беріп жатқан күре жолдардың қадір-қасиетін оның бейнетін тартып жүрген ауылдықтардан артық ешкім біле қоймас. Әсіресе жауынды, боранды күндері қатынау азаппен тең. Қызылжар өңірінде күрмеуі тарқатылмаған осынау өзекті проблеманы …

ЖАНҒА БАТҚАН ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫ Read More »

ТЕРІСКЕЙГЕ БЕТ ТҮЗЕГЕН КӨШ тоқтамауы тиіс

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов көші-қон мәселесі жөнінде жиын өткізіп, аталған саладағы түйткілдерді шешу, теріскейге қандастар мен оңтүсік, батыс облыстардың тұрғындарын көшіру жолдарын талқыға салды. Жиынға «Amanat» партиясы партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Абай Тасболатов, өңірдегі мемлекеттік орган басшылары, аудан, ауылдық округ әкімдері, қаржы институттары мен кәсіпорын жетекшілері қатысты. Жиын еңбек және …

ТЕРІСКЕЙГЕ БЕТ ТҮЗЕГЕН КӨШ тоқтамауы тиіс Read More »

ТАЗА АУЫЗСУ — ӘР ҮЙГЕ

Қызылжар өңірінде 88 ауылды орталықтандырылған тіршілік көзімен қамтитын 4 сорғы стансасы пайдалануға берілді. Тайынша ауданында өткен топтық су құбырлары мен ауылішілік су желілерін іске қосу салтанатты рәсіміне Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Үкіметтің қолдауының, Су ресурстары және ирригация министрлігінің жергілікті ат­қарушы органдармен бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асқан …

ТАЗА АУЫЗСУ — ӘР ҮЙГЕ Read More »