«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.11.2025

ЖАУАПСЫЗ МАХАББАТ

Құлақты жарып жіберердей музыка. Ығы-жығы адам. Жарқ-жұрқ еткен жарық. Көптен бері көңілі құлазып жүрген Жантас­ты бой сергітсін деп би кешіне ертіп келгенмін. Танысқаны­мызға бірнеше жыл өтсе де ара­мыздан қыл өтпестей дос болып кеткенбіз. Студенттік кездің екі жылы артта қалыпты. Жас кезде адамның басынан не өтпейді? Бірге жүріп талай сынақты көрдік. Алдағы өмір жолында не күтіп …

ЖАУАПСЫЗ МАХАББАТ Read More »

ҚАЙЫРЫМСЫЗ БАЛА МЕН ҚАМҚОР ЖАН

Бұрындары қазақ үшін жер және жесір дауы күн тәртібінен түспеген негізгі мәселе болғаны белгілі. Содан бері уақыт алға озды, заман өзгерді. Алайда адамның ниетіне байланысты даудың да түр-түрі көбейді. Соның бірі – пәтер дауы. Әсіресе туғандары қарайласпай­тын жалғызілікті қарт­тардың өздеріне күтім жасайтын әлеуметтік қызметкерлерге жылжы­майтын мүлкін сыйлауы жиі болмаса да, аракідік кездесіп қалады. Ал оның …

ҚАЙЫРЫМСЫЗ БАЛА МЕН ҚАМҚОР ЖАН Read More »

ҮЙ ҮШІН УАЙЫМ ЖЕГЕНДЕР

Петропавлдағы Оқушылар сара­йында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, оның орынбасарлары, шаһар басшысы, жергілікті департаменттер мен басқармалардың жетекшілері қатысып, тұрғындардың сұрақта­рына жауап берді. Өңір басшысының қабылдауына келген­дердің бірі – Қызылжар ауданының тұрғыны Татьяна Климашенко. Тұрғынды өзі тұратын ауылдағы бөгет құрылысы алаңдатып отыр. Прибрежное ауылының тұрғындары бөгет құ­рылысы кешеуілдесе, көктемде үйлер су …

ҮЙ ҮШІН УАЙЫМ ЖЕГЕНДЕР Read More »

«ЕСКЕРТКІШТЕГІ ҚОЖАБЕРГЕННІҢ БЕЙНЕСІН ТҮСІМДЕ КӨРДІМ»

– Қазыбек Қажыкенұлы, сіз есімі елге белгілі мүсіншілердің бірісіз. Сала майталмандары мүсіншілікті өнердің ең қиын түріне балайды. Өміріңізді өнердің бұл саласына арнауыңызға не себеп болды? – Адамның бала қиялын ұш­тайтын да, ақық арманына құ­рық салғызатын да туған жері, оның тұмса табиғаты болса ке­рек. Менің балалық шағым Уә­лиханов ауданында өтті. Әкем Қажыкен аудандық газетте жұ­мыс істеді, …

«ЕСКЕРТКІШТЕГІ ҚОЖАБЕРГЕННІҢ БЕЙНЕСІН ТҮСІМДЕ КӨРДІМ» Read More »