«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.12.2025

ЖАЛАҚЫСЫ АЗ, ЖҰМЫСЫ АУЫР

Жасанды интеллект, жаңа технологиялар, ақпа­раттың көптігі мен жылдамдығы үдеп бара жат­қан өмір ағысы балалардың жүйкесіне де салмақ түсіруде. Ертегі айтып беретін әжесі, сабақ оқуға көмектесетін ата-анасы, аулада доп тебісетін қатарласы жоқ балалар ес білген шағынан бастап жалғыздықта өмір сүруде. Ақыр соңында бұл олардың оқу үлгеріміне, зейініне, мектептегі қа­рым-қатынасына, тұлға болып қалыптасуына кері әсер ететіні анық. …

ЖАЛАҚЫСЫ АЗ, ЖҰМЫСЫ АУЫР Read More »

«ЖАНЫҢА ЕМ ІЗДЕСЕҢ, ТЕАТРҒА БАР»

– Баатырбек Рысқұлұлы, біздің қоғам қазақ тілді және орыс тілді болып екіге бөлінетіні жасы­рын емес. Сіз алғашында қазақ театрында жұмыс істедіңіз. Қазір орыс театрының дамуына үлесіңізді қосып жүрсіз. Көрші өңір – Қоста­найдың облыстық театрында да өз қолтаңбаңызды қалдырдыңыз. Өнерде шынымен шекара жоқ екеніне көз жеткіздіңіз бе? – Иә, өнерде ешқандай ше­кара жоқ. Мен Қырғызстаннан келіп, …

«ЖАНЫҢА ЕМ ІЗДЕСЕҢ, ТЕАТРҒА БАР» Read More »

АЛАЯҚТАР АЙЫЛЫН ЖИМАЙ ТҰР

«Алло, сіздің есіміңіз Амангелді ме?». Өз атын бейта­ныс жанның аузынан естіген Амангелді ақсақал «Иә» не «Жоқ» деп жауап берерін білмей, үрейлі көзбен маңа­йын бір шолып өтті де, тұтқаны тастай салды. Арада сүт пісірімдей уақыт өткен жоқ, қалта телефоны тағы да бе­зектеп қоя берді. «Алло, сіз Амангелдісіз бе?» – деп сұра­ды тұтқаның арғы жағындағы жан. Ақсақал …

АЛАЯҚТАР АЙЫЛЫН ЖИМАЙ ТҰР Read More »

ОН АЙДАҒЫ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов елордадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндама жасап, өңірдің 10 айдағы даму нәтижелерін қорытынды­лады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі 13 пайызды құ­рап, ақ қайыңдар өлкесі ел бойын­ша бесінші орынға тұрақтаған. Аталған кезең ішінде ауыл шаруашылығында 9,3, өнеркәсіпте 19,1, құрылыста 30,1, тұрғын үйді пайда­лануға беруде 3,9, инвестиция тар­ту ісінде 7,3 пайыздық өсім …

ОН АЙДАҒЫ ОҢ НӘТИЖЕЛЕР Read More »