«ЖҰБАТАТЫН ЖАБЫҒЫП ҚАЛҒАН КЕЗДЕ»
Ауылы аралас, қойы қоралас Қызылжар мен Көкшетау өңірлерін ән мен жырға бөлеген Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Орынбай Бертағыұлы сынды дүлдүлдердің ізін жалғаған дарын иесі, ақын, журналист Жұмабай Есекеевтің есімін өнер сүйер қауым ұмытқан емес. Абылай хан, Бұқар жырау, Бөгенбай батыр, Майлықожа, Қашаған жырау, Кенесары, Мағжан Жұмабаев, Мәлік Ғабдуллиннің мерейтойларында орақ тілді, от ауызды …