ӨНЕРДІ ӨРГЕ СҮЙРЕГЕН
Қызылжар өңірінен мәдениет пен өнердің дамуына еселі еңбегімен үлес қосқан тұғырлы тұлғалар аз шықпаған. Солардың бірегейі – көзі тірі болғанда ақпан айының 5-ші жұлдызында 76 жасқа толатын белгілі өнер қайраткері, қадірлі ағамыз Қуандық Қасымов. Қуандық аға екеуіміз – Жамбыл ауданындағы Баян ауылының тумасымыз, бір мектепте оқыдық, кейін өнер жолында да қатар жүрдік. Қуандық Ишанғалиұлы бар …