ЕЛ ҮМІТІН АРҚАЛАҒАНДАР
Облыстық әкімдікте Италияда өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шараға аттанғалы отырған спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері қатысты. 6-15 наурыз аралығында Италияда өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарына еліміз 10 лицензия алса, соның жетеуін біздің өңір спортшылары иеленіп отыр. Жерлестеріміздің бесеуі – шаңғы жарысы, екеуі – биатлон бойынша ел намысын …