«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

208 мың адам вакцинацияның толық курсынан өтті

Солтүстік Қазақстан облысында 231 мыңнан астам адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін алса, 208 мыңы толық курстан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа 73 жағдайы тіркелген. Оның 93 %-ында сырқаттар дәрігерлерге ауырып жүгінген. Әдеттегідей ауырғандардың басым бөлігі – 22 жағдай Петропавлдың үлесінде, Қызылжар ауданында – 10, Айыртауда – 9, Тайыншада – 8, Есіл ауданында 7 адам жұқтырған. Қалған аудандарда сырқаттанғандар саны бесеуден төмен.

Облыста ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия кезеңінен бастап, өңір бойынша КВИ-ға 444520 зерттеу жүргізілген. Жалпы СҚО-да 23 279 адам жұқтырған, оның 455-і сырттан келгендерден анықталған, бұл барлық көрсеткіштің 2,4 %-ы.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыс 4 қыркүйектен бері «сары» аймақта. Ауырғандар саны шамамен екі есе азайған.

Қазір өңірде коронавирус жұқтырғандарға 1715 орын арналса, бүгінде соның 35,7 %-ы ғана толған. Инфекциялық стационарларда 570 адам ем алып жатыр, олардың 67-сінің халі ауыр. Өткен тәулікте тағы үш адам қайтыс болып, коронавирустан көз жұмғандардың саны 178-ге жетті.

Мамандардың айтуынша, коронавирусты жұқтыру деңгейінің төмендеуіне вакцинация да өз әсерін тигізіп жатыр. Жалпы СҚО-да 231 мыңнан астам адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін алса, 208 мыңы толық курстан өтті.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp