«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2,3 миллион адам төлем алды

Биыл шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға 17 тамызға дейін азаматтардан 2 млн. 564 мыңнан астам өтініш қабылданды. Төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн. 341,1 мың қазақстандық алды. Соның ішінде 2 млн. 328,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты ең төменгі жалақының жартысы – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасуда.

Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тан­дыру қорынан төлем алуға өті­німдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн. 564 мыңнан астам өтінімнің ішінде:

– 834,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 666,5 мың адам “еgov.kz” пор­та­лы және “telegram-боттар” ар­қылы;

– 401,9 мың адам “42500.enbek.kz” порталы арқылы;

– 660,7 мың адам екінші дең­гей­дегі банктердің мобильдік қо­сым­шалары мен интернет-ресурстары арқылы;

– 0,3 мың адам штабтар арқы­лы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлі­нісінде:

– 834,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден кел­ген (проактивті форматта);

– 252,4 мың өтінішті жалда­малы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн. 477 мың өтініш азамат­тардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адам­дар, азаматтық-құқықтық сипатта­ғы шарттар бойынша табыс ала­тын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн. 350,3 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн. 341,1 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға ұзартылуына байла­ныс­ты Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тан­дыру қорынан біржолғы төлем алушыларға ең төменгі жалақы­ның жартысы – 21 250 теңге мөл­шерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде бір­жолғы төлем алған қазақстандық­тарға карантиннің ұзартылуына бай­ланысты қосымша ақы авто­матты түрде тағайындалады. Қай­та өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға ал­ғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ең төменгі еңбекақысы немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайын­далады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Маржан ТІЛЕУБЕКОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp