«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

2,4 млн-нан астам қазақстандық әлеуметтік төлем алды

2020 жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең біржолғы төлемді 2 млн 406 мың қазақстандық алды. Соның ішінде 2 млн 400 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.

Бұған дейін хабарланғандай, біржолғы төлем алуға өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданды.

Шағын және орта бизнес, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін жұмыс беруші тарапынан өтініш беріледі. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (оны тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.
Өздеріне қатысты әлеуметтік төлемді тағайындаудан  бас тарту (оны тоқтату) туралы  шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар өз бетінше өтініш бере алады.
Қайта қарауға өтініштер 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.


 https://egemen.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp