«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

28 ГРАММ ГЕРОИН ТӘРКІЛЕНДІ

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және криминалдық полиция басқармаларының бірлескен жұмысының арқасында аса ірі көлемдегі героин саудасының жолы кесілді. Тәркіленген есірткінің салмағы шамамен 28 грамм.

Ұсталған күдікті бұрын да  осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотты болған Петропавл қаласының 1976 жылы туған тұрғыны.

Аталған факті  Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясы бойынша  10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Үстіміздегі жылы  есірткі заттарын өткізудің 18 фактісін анықталған. Жыл басынан бері  заңсыз айналымнан барлығы 73 кг. 292 гр. есірткі құралдары алынды, оның 72 граммы – героин.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp