1 қаңтарда облыста тұрғындардан газбен зақымдау қаруларын сатып алу жөнінде республикалық акция басталды. Облыстық ішкі істер департаментінің лицензиялық рұқсат беру жүйесі бөлімінің бастығы, полиция майоры Еркін Хамзиннің айтуы бойынша, полиция қызметкерлері газбен зақымдау қаруларын тапсыру қажеттігі жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары акцияның қайтарымсыз екендігін еске салуда.
Қару тапсырған жеке тұлғаларға техникалық жағдайларына қарай үш санат бойынша өтемақы төленеді, ол қару құнының 50-90 пайызын құрайды. Мысалы, ұңғымасыз “ОСА” қаруының иесі 20-дан 30 мың теңгеге дейін өтемақы алады. “Стражник” қаруына 29 мың теңгеге дейін. Облыстағы акцияны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 22 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген. Қазіргі уақытқа дейін ішкі істер органына 92 газбен зақымдау қаруының иесі хабарласып, 49 “МР” маркалы газ пистолетін, 40-тан астам “ОСА”, “Стражник”, “Эгида” маркалы зақымдау қаруларын тапсырды.
Сонымен бірге жыл басынан бері 24 солтүстікқазақстандық тегіс оқпанды және иір ойықты аңшылық мылтықтарын жою үшін полицияға ерікті түрде табыс етті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес газбен зақымдау қаруларының иелері оларды ерікті түрде тапсырудан бас тартқан жағдайда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
Ольга ШИЯН,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.