«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

30 ЖЫЛ БОЙЫ ҚҰЖАТСЫЗ ЖҮРГЕН

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Қарақоға елді мекенінің тұрғыны Диана Пиданова 30 жыл бойы құжатсыз жүрген.

 Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жеке басын куәландыратын құжатты туу туралы куәлігінің жоқтығы себебінен ала алмаған. Құжаттарды ресімдеуге және Қазақстанның азаматы екенін растау үшін оның әкесін анықтау қажет болды. Ол үшін қымбат тұратын генетикалық сараптаманы жасату керек. Департамент мамандары бұл үшін адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюродан көмек сұраған. Ұйым сараптаманы жасауға көмектесіп, бар шығынды өз мойындарына алған.
Ал Возвышенка елді мекенінде тұратын зағип ер адам 1974 жылы алған төлқұжатпен жүрген. Тиісті органдарға барып, құжатын жаңалауға оның мүмкіндігі болмаған. Полицейлер оған тиісті тәртіп бойынша құжатын ресімдеп алуға көмектесті.
– Біреулері құжаттарын жоғалтып алса, келесілері ескі кеңестік паспорттарын ауыстырмай жүре береді. Туғаннан құжат алмаған адамдар да бар. Оларды анықтап, құжаттарын ресімдеуге көмектесуге тырысамыз, – дейді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Айгүл Құнанбаева.
Айта кету керек, жыл басынан облыста 3 мыңға жуық адам құжат алған. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp