Елде карантин шаралары жарияланғаннан бері өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер жеке қорғаныш заттарын тігіп, күш құрылымдарын 300 мыңдай бетпердемен қамтамасыз етті.
Қазір бетперде және қорғаныш киімдерін “ЕС-164/3” мекемесінде – 20, “ЕС-164/6” әйелдер колониясындағы 110 жазасын өтеуші тігеді.
– Ел шетіне қауіпті вирус жеткенде бетпердеге сұраныс артты. Солтүстікқазақстандық жазасын өтеушілер тіккен қорғаныш заттарын күш құрылымдары қолданып жүр. Сотталғандар бетперделерден бөлек 700 қорғаныш костюмін тікті, – дейді облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Рустан Ахметжанов.
Жазасын өтеушілер қазіргідей ауыр жағдайда адамдар бір-біріне көмектесуі қажет деген ойларын айтып, қауіпті вируспен күреске аз да болса өз үлестерін қосуды міндет санайтындарын жеткізді.
Мәдина ЕРҒАЛИЕВА,
облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы.