Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Елена Степаненконың айтуынша, өңірімізде мемлекеттік қызметтегі кадрлардың тұрақтамауы жоғарылаған.
Әсіресе, соңғы үш жылда Қызылжар, Тайынша, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кетуі жиілеген. Жалпы мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ауыстыруына еңбекақының аздығы, жұмыс жүктемесінің ауырлығы, басшылықпен тіл табыспауы түрткі болған. Ал мансаптық жолмен өсуде өңіріміз үздік өңірлердің қатарынан көрінген.
– Өңірімізде 2792 мемлекеттік қызметші болса, 307 бос орын бар. Біз бұл бос орындарға мораторий жарияладық. Осының арқасында үнемделген қаржы мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы және сыйақы беруге жұмсалуы тиіс. Алайда, кейбір аудандардың осы қаржыны өзге қажеттіліктерге жұмсап жатқаны белгілі болды. Бұл қаржыны басқа мақсатқа жұмсауға тыйым саламын, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.